Дуйсенов Дархан Нурадилович

    Шардара аудандық мәслихат депутаты

    Дуйсенов Дархан Нурадилович
    Депутат маслихата

    Дуйсенов Дархан Нурадилович

    Шардара аудандық мәслихат депутаты

    Өмірбаян

    Дүйсенов Дархан Нұрәділұлы

    Өмір дерек:Дүйсенов Дархан Нұрәділұлы 1973 жылдың 01-қаңтарында Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Ұзын-Ата ауылында дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі жоғары.

    Оның ұстаздық жолында жастарға рухани патриоттық тәрбие беріп, көптеген жетістіктерге қол жеткізген. Білім сапасын арттыру мақсатында жаңа технологияны ендіруге әдістемелік көмек көрсетіп келеді. Сондай-ақ қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып өз үлесін қосуда. Шығармашылық жұмыспен айналысады.

    Еңбек жолын 1989 жылы Шардара аудандық байланыс торабының электригі болып жұмыс жолын бастаған. 1992 жылдан бастап осы уақытқа дейін Шардара аудандық білім бөлміне қарасты «Ұзын-Ата» жалпы орта мектебінің маматематика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарып келеді.

    Ұстаздың жеткен жетістіктері:

    • 2015 жылы «Үздік кәсіподақ жетекшісі-2015» байқауына қатысып Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасының «Алғыс хатымен» марапатталған,
    • 2016 жылы Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық байқауға қатысып «ҮЗДІК ҰЙЫМ, КӘСІПОРЫН» номинациясы бойынша жеңімпазы болып Кәсіподақ Федерациясының марапатын алған.
    • 2018 жылы Қазақстандық салалық білім және ғылым қызыметкерлері кәсіподағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымының «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгісімен марапатталған,
    • 2019 жылы Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерінің кәсіподағының «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталған.
    • 2019 жылы ҚР Білім және Ғылым министрлігінің «Ы.АЛТЫНСАРИН» төс белгісімен марапатталған.
    • 2024 жылы Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл мерекелік медалімен марапатталған.
    • 2024 жылы Түркістан облыстық мәслихатының Грамотасымен марапатталған.

    Депутаттық жолында: Дүйсенов Дархан — Шардара аудандық мәслихатының VІІІ шақырылымындағы маслихат депутаты.

    Дүйсенов Дархан өзі сайланған округіндегі сайлаушылардың мұң-мұқтажын тыңдап, қажет жағдайда өзінің тарапынан көмек-қолдауын көрсетіп тұрады.

    Сонымен қатар, қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып білім саласының дамуына өз үлесін қосуда. Шардара аудандық мәслихатының депутаты ретінде 2024 жылы 7 депутаттық сауал жолдап, Ұзын-ата ауылдық округі әкімі аппаратының жаңа ғимаратын салуға, Шардара-Арыс тас жол және Байларбеков көшесінің жарықтандырудың электроэнергия ақысына, Шардара-Арыс тас жолы бойын жарықтандыру жұмыстарына, М.Ауезов көшесіне балалардың спорт алаңшасын орнатуға және ауылдың санитарлық тазалау жұмыстарыана өз тарапынан қаржы бөлдіруге ықпал жасады.

    Дүйсенов әсіресе жастар мәселесі, білім беру және спорт мәселелері бойынша өте белсенді азамат.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері