
Серіков Мағжан Беркінбайұлы
Шардара аудандық мәслихат депутаты
Өмірбаян
Серіков Мағжан Беркінбайұлы
Өмір дерек : 1994 жылы 10-наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Шардара қаласында дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі жоғары. Еңбек жолын 2015 жылы Шардара қаласы әкімінің аппаратында инспектор болып бастаған. 2017-2022 жылдар аралығында Шардара ауданы әкімі аппараты мен дербес бөлімдерінде әдіскер, баспасөз хатшысы, іс жүргізуші, инспектор қызметтерін атқарды. 2022 жылы «Түркістан» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының» Шардара аудандық бөлімінің басшысы лауазымын атқарды. 2023 жылдан бастап қазіргі таңда «TURKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының бөлім басшысы қызметін атқарып келеді.
Жеткен жетістіктері:
- 2022 жылы Шардара ауданы Әкімінің алғыс хаты.
- 2023 жылы Шардара аудандық мәслихатының алғыс хаты
- 2024 – Қазақстан Республикасы мәслихаттарына 30 жыл төсбелгісі. 2024 – Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатыңың Грамотасымен марапатталған.
Депутаттық жолында: Серіков Мағжан Шардара ауданының VІІІ шақырылымындағы маслихат депутаты.
Ол ауданның әлеуметтік-экономикалық мәселелеріне белсенді араласып, сайлаушылардың мұң-мұқтажын жеткізуде өз үлесін қосып келеді.
Сонымен қатар, оның қоғамдағы беделі мен тәжірибесі депутаттық қызметте үлкен рөл атқаруда.
Шардара аудандық мәслихаты депутаты ретінде 2024 жылы 8 депутаттық сауал жолдап, Қызылқұм ауылдық округінде егістік алқаптарда орналасқан ағын су нысандарын (каналдар, қашыртқылар, гидротехникалық құрылғылар және т.б ) қайта құрылымдаудан өткізу бойынша қаржы бөлдіруге ықпал жасады. Сонымен қатар Қызылқұм ауылдық мәдениет уйін күрделі жөндеуге қаржы бөлінуіне ықпал жасады. Осы ауылдың елді мекендерін, әлеуметтік нысандарын газбен қамтамасыз етуге, абаттандыру және жарықтандыру жұмыстарына каржы бөлінуіне ықпал жасады.
Қызылқұм ауылының ауыз су беру торабының құрылыс жұмыстарына қаржы бөлуге атсалысты.Осы ауылдың жобадағы №1,2,3 1,8 шақырым көшелеріне тас төсеу жұмыстарына қаржы бөлуге атсалысты.
М.Серіковтың депутаттық қызметі қоғамның маңызды сұрақтарына жауап табуға бағытталған және оң әсерін тигізіп келеді.





