Қызметкерлер — Қарақия аудандық мәслихатының аппараты

    Қарақия аудандық мәслихатының аппараты басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    1
    Қалаубай Жанғабыл Бекмолдаұлы
    Қызметкерлер

    Қалаубай Жанғабыл Бекмолдаұлы

    Қарақия аудандық мәслихатының төрағасы

    1968 жылы 15 қаңтарда Маңғыстау облысы, Ұштаған поселкесінде дүниеге келген. 1985 жылы мектеп бітірген соң еңбек жолын Маңғыстау ауданындағы Ильич атындағы совхозда жұмысшы қызметінен бастаған. 1986-1988 жылдары әскер қатарында болып, оралған соң жұмысын қайта жалғастырған. 1990-1992 жылдары мұнай саласында, 1992-1999 жылдары жеке кәсіпкерлікпен айналысады. 1999-2020 жылдары ішкі істер органдарында учаскелік инспектор қызметінен бастап, Қарақия аудандық полиция бөлімінің басшысы қызметтерін атқарады. 2020-2021 жылдары Қарақия аудандық адалдық алаңында жетекшілік етеді. 2021 жылдың 15 қаңтарынан бастап VII шақырылған Қарақия аудандық мәслихатының депутаты, аудандық мәслихат хатшысы қызметін атқарады. Отбасылы, 5 баласы, немер-жиендері бар.

    Басқа қызметкерлер

    11
    Көшенов Қыйлымғали Тұрсынғалиұлы
    Қызметкерлер

    Көшенов Қыйлымғали Тұрсынғалиұлы

    Қарақия аудандық мәслихатының депутаты

    1973 жылы 20 қазанда Ералиев ауданы Ералиев поселкесінде дүниеге келді. 1990-1995 жылдары Қазақ политехникалық институты, инжинер-механик мамандығы бойынша бітірген. 1993-2015 жылдары «Оймашы» ЖШС жүргізуші қызметінен бастап, директордың кеңесшісі қызметін атқарды. 2015-2018 жылы «Атамекен» ҚР ҰКП Қарақия аудандық филиалының директоры. 2018-2019 жылы «Атамекен» ҚР ҰКП Жаңаөзен қалалық филиалының директоры. 2019-2022 жылдары «AMANAT» партиясы Қарақия аудандық филиалында төрағаның бірінші орынбасары, атқарушы хатшы қызметтерін атқарды және 2023 жылдың қаңтар айында төраға қызметіне сайланып, қызмет етіп келеді. Отбасылы, 6 баласы, немере-жиендері бар.

    Атшыбаев Асқар Сатқанұлы
    Қызметкерлер

    Атшыбаев Асқар Сатқанұлы

    Қарақия аудандық мәслихатының депутаты

    Атшыбаев Асқар Сатқанұлы, 1968 жылы 28 қыркүйекте Гурьев облысы, Ақшұқыр аулында дүниеге келді. 1985 жылы Қарақия ауданы, Сенек ауылында, Сенек орта мектебін бітірді. 1986 жылы Орал қаласы, Батыс Қазахстан ауыл шарушылық институтының, механика факультетіне оқуға түсті. 1987-1989 ж.ж. Совет Армиясы әскер қатарында Отан алдындағы борышын өтеді. 1993 жылы институтты бітірген соң, Ералы атындағы кеңшарда техника қауіпсіздігі инженері, коммерция жөніндегі маман қызметтерін атқарды. 1995-1997 жылдар аралығында Жаңаөзен қаласы, АСФ «Өзен», Механилық жұмыстар басқармасында техника қауіпсіздігі инженері, РМЦ бастығы, бас диспетчер қызметтерінде жұмыс жасады. 1997 жылдан бастап «Өзенмұнайгаз» АҚ қызмет жасап келеді. РМЦ бастығы орынбасары, автотізбек бастығы, өндірістік техникалық бөлім бастығы, бас инженер, бас технолог қызметтерінде жұмыс жасады. Қазіргі таңда «Өзенмұнайгаз» АҚ Өндірісті жедел басқару департаменті директоры орынбасары қызметінде жұмыс жасап келеді. Екінші мамандығы инженер-экономист. Ақтау қаласы, Ш.Есенов атындағы институт, Экономика факультеті. (2006-2008 ж.ж.) Марапаттары: Жаңаөзен кенорнына 40 жыл медалы, «Қазмұнайгаз» ҰК. Үйленген, жолдасы — Кыдирбаева Жанетта Берікқызы, 1981 жылы туған, үй шаруасында. Төрт баласы бар. Мекен-жайы: Қарақия ауданы, Құланды ауылы Атшыбаев А.С. 18.01.2021ж. Қарақия аудандық мәслихатының VII шақырылымының депутаты.

    Жиенқұлов Ерлан Есболайұлы
    Қызметкерлер

    Жиенқұлов Ерлан Есболайұлы

    Қарақия аудандық мәслихатының депутаты

    1980 жылы 16 мамырда Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Ұштаған ауылында дүниеге келген. 1997 жылы Қарақия ауданының Жетібай кентіне қарасты №3 орта мектепті аяқтап, 1997-2002 жылдары Шахмардан Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінде оқып, тау-кен инженері мамандығы бойынша мамандық алып шықты. Аталған жоғарғы оқу орнын бітіріп, өндірістік жұмысқа тұрғаннан бері осы өңірді дамыту жолындағы сан алуан жұмыстарға, әсіресе, мұнай өнеркәсібін саласын дамытуға белсене араласып келеді. «МаңғыстауМұнайГаз» Акционерлік қоғамында 2002 жылы мұнай және газ өндіру жөніндегі операторы қызметінен бастап, қазір осы Акционерлік қоғамның «Орталық инженерлік техника қызметі» басқармасының бастығы қызметін атқаруда. «Аманат» партиясының мүшесі. Отбасылы, алты баласы бар.

    Жүгенбаев Қуандық Саламадинұлы
    Қызметкерлер

    Жүгенбаев Қуандық Саламадинұлы

    Қарақия аудандық мәслихатының депутаты

    1973 жылы 30 маусымда Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылында дүниеге келген. 1980-1990 жылдары Сенек ауылындағы Қашаған орта мектебінде оқыған. 1990-1993 жылдары Ералиев атындағы совхозда жұмысшы, 1993-1995 жылдары «Наурыз и К» ЖШС-де жүргізуші, 1995-1997 жылдары «Узеньэнергонефть» мекемесінде жүргізуші, 1997-2002 жылдары Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде заңгер мамандығы бойынша оқыған. 2003-2005 жылдары «Айсара» ЖШС директорының орынбасары болған. 2005 жылы «Өзенмұнайгаз» АҚ №2 скважиналарға қызмет көрсету басқармасына қызметке тұрып, мекеме жүргізушісінен бастап директорына дейін көтерілген. 2012-2013 жылдары №3 скважинаға қызмет көрсету басқармасының директоры, 2013-2017 жылдары технологиялық транспорт басқармасының директоры, 2017 жылдан бастап №3 СҚКБ-ның бас инженері болып жасайды. 2011-2013 жылдары Д.А.Қонаев атындағы транспорт және құқық университетін «транспорт, транспорт техникасы және технологиясы» мамандығы бойынша бітірген. Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен (2011ж), «Маңғыстау мұнайына 50 жылдық» мерекелік медалімен (2011ж), «Қазмұнайгаз» АҚ бас директорының Құрмет грамотасымен (2011ж), «Жаңаөзен қаласына 50 жыл» мерекелік медалімен, «Теңге ауылына 55 жыл» мерекелік медалімен (2019ж), «Өзенмұнайгаз» АҚ «55 жыл толуына орай» мерекелік медалімен (2019ж) марапатталған. Отбасылы, 4 баласы және немерелері бар. Қарақия аудандық мәслихатының VII шақырылымының депутаты.

    Бөлтекова Гүләйім Тоқсанбайқызы
    Қызметкерлер

    Бөлтекова Гүләйім Тоқсанбайқызы

    Қарақия аудандық мәслихатының депутаты

    1971 жылы 31 тамызда Ералы поселкесінде дүниеге келген. 1978 жылы №1 қазақ орта мектебінің 1 сыныбына барып, 1988 жылы бітіріп шықты. Сол жылы Маңғышлақ педагогикалық училищесіне түсіп, 1990 жылы аяқтайды. Еңбек жолын 1990 жылы №56 балабақшасында тәрбиеші қызметінен бастайды. 1996-2007 жылдары Ақтау қалалық педтехнология орталығында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдіскері, Маңғыстау облыстық біліктілік арттыру институтында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдіскері қызметтерін атқарды. 2008-2022 жылдары Құрық ауылындағы «Болашақ» балабақшасының директоры қызметін атқарды. 2022 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Құрық ауылындағы «Құлыншақ» балабақшасының директоры қызметін атқарады. «AMANAT» партиясының мүшесі.

    Бекжанов Сәлімжан Әмірханұлы
    Қызметкерлер

    Бекжанов Сәлімжан Әмірханұлы

    Қарақия аудандық мәслихатының депутаты

    1989 жылы 26 сәуірде Ералиев поселкесінде дүниеге келген. 2004-2008 жылдары Политехникалық колледж, Бағдарламашы мамандығы бойынша бітірді. 2008-2011 жылдары Ш.Есенов атында университетін инженер-бағдарламашы мамандығы бойынша бітірді. 2007 жылы «Мангыстауэнергомұнай» ЖШС, IT саласы бойынша оператор. 2007- 2009 жылдары ЖК «Шиганаков Е» «Гарант» дүкені Актау қаласы, IT саласындағы инженер-бағдарламашы, директордың орынбасары қызметтерін атқарады. 2009 жылы жеке кәсіпкер. 2011 жылдан бастап «Қарақия аудандық орталық ауруханасы» IT саласы бойынша инженер-бағдарламашы, қосымша 2021 жылдан бері «Аксон Мед» ЖШС IT саласы бойынша инженер-бағдарламашы. Отбасылы, 4 баласы бар.

    Қойбағар Көмекбай Жарылғапұлы
    Қызметкерлер

    Қойбағар Көмекбай Жарылғапұлы

    Қарақия аудандық мәслихатының депутаты

    1993 жылы 4 желтоқсанда Маңғыстау облысы Жетібай ауылында дүниеге келген. Мұнайшы ауылындағы №7 орта мектепті 2011 жылы бітіріп, Жаңаөзен қаласындағы политехникалық колледжге оқуға түскен. 2014 жылы электромеханика мамандығы бойынша бітіріп, «Тұрмыс-Сервис» мекемесінде көлік жүргізушісі болып қызмет жасаған. 2017 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысады. «Есен Сейіт» шаруа қожалығының директоры. 2018 жылы Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы тәжірибесінен өткен. 2018 жылы Қарақия ауданының «Үздік кәсіпкер» номинациясымен марапатталған. Қарақия аудандық мәслихатының VII шақырылымының депутаты.

    Бекежан Мерей Сүндетқалиұлы
    Қызметкерлер

    Бекежан Мерей Сүндетқалиұлы

    Қарақия аудандық мәслихатының депутаты

    1995 жылы Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай ауылында дүниеге келген. 2013 жылы №8 орта мектебін бітірген. Бойдақ. Білімі жоғары. Аяқтаған оқу орындары: Маңғыстау өнер колледжі. Суретші мамандығы. Қазақстан инновациялық және коммуникациялық жүйелер университеті. Мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры. Москва экономикалық институты. Экономика магистрі. Еңбек жолын 2017 жылы Өскенбай Қалманбетұлы атындағы Жетібай балалар өнер мектебінде бейнелеу өнері сыныбының педагогы қызметінен бастады. Уақыт өте келе кәсіподақ төрағасы, директордың бейінді оқу жөніндегі орынбасары болып жұмыс жасаған. Қазіргі уақытта сол мектептің директоры қызметін атқарады. Марапаттары: Елбасы медалі. (ересек топ) Облыс әкімінің алғыс хаты. (Тұркістан ұқаласында Маңғыстау өңірінің өнерін көрсету). Республикалық білім және ғылым кәсіподағының Құрмет грамотасы (Астана қаласы). Облыстық білім және ғылым кәсіподағының Құрмет грамотасы. Облыстық мәдениет басқармасының алғыс хаты (Республикалық суретшілер симпозиумы). Украина халқы қауымдастығының Алғыс хаты (Т.Шевченко 200 жылдығы). Ақтау қаласы әкімінің алғыс хаты. Аудан әкімінің Алғыс хаты. Қарақия аудандық білім бөлімінің алғысы. Республикалық және облыстық байқаулардың жүлделі марапаттары.

    Мұқанова Гүлшат Сағынбайқызы
    Қызметкерлер

    Мұқанова Гүлшат Сағынбайқызы

    Қарақия аудандық мәслихатының депутаты

    1974 жылы 10 қаңтарда Маңғышлақ облысы, Ералиев ауданы Жетібай ауылында дүниеге келген. Әкесі-Муканов Сағынбай, Анасы –Қосыпова Дәмелі, жұмысшы мамандықтарымен қызмет еткен жандар. 1980 жылы Жетібай ауылының №3 орта мектебінің табалдырығын аттаған. 1990 жылы бітіріп шыққан. 1991-1994 жылдар аралығында Маңғыстау педагогикалық колледжін «мектепке дейінгі тәрбие» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген. 1992 жылдан 1998 жылға дейін «Жетібаймұнайгаз» ӨБ қарасты «Айгөлек» балабақшасында тәрбиешінің көмекшісі, тәрбиеші мамандықтары бойынша жұмыс жасаған. 1998 жылдан 2017 жылға дейін Жетібай ауылының №4 орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі, психолог, әлеуметтік педагог, директордың тәрбие ісі, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары лауазымдары бойынша қызмет атқарған. 2005-2009 жылдар аралығында Ақтөбе «Дүние» университетін «педагог-психолог» мамандығы бойынша бітірген. 2017 жылдың 16 тамызынан бастап Жетібай ауылының №3 орта мектебінің директоры қызметін атқаруда. 1999 жылдан «Отан», «NurOtan» партиясының мүшесі. «Жаңа Жетібай», «Жетібай2» БПҰ төрағасымын. Қарақия Адалдық алаңы мүшесі. Қарақия ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен , Маңғыстау облысы әкімінің Алғыс хатымен, ҚР Білім және Ғылым министрінің Алғыс хаты және Құрмет грамоталарымен марапатталған. Қарақия аудандық мәслихатының VII шақырылымының депутаты. Отбасылы, 6 баласы бар, «Күміс алқа» иегері.

    Тәжібаев Ерлан
    Қызметкерлер

    Тәжібаев Ерлан

    Қарақия аудандық мәслихатының депутаты

    Мен Тәжібаев Ерлан 1962 жылы 18 тамызда ТССР Ташауз облысы, Октябрь ауданы Байрам Таганов колхозында дүниеге келгенмін. Сол жерде 1979 жылы № 14 қазақ орта мектебін, 1986 жылы Қарағанды политехникалық институтын және Қ.И.Сатпаев атындағы ұлттық университетін бітіргем. Құрылыс мекемесінде тас қалаушы (1979-1980), «Маңғыстау ұлутас» бірлестігінде құрылыс шебері, прораб, аға прораб, цех бастығы (1986-1990), Жетібай кенті атқарушы комитетінің төрағасының орынбасары (1990-1992) «Маңғыстау ұлутас» бірлестігінің құрылыс жөніндегі бас директорының орынбасары (1992-1993), Жетібай кенті әкімі (1993-1997), Жетібай кеңесінің депутаты (1990-1994), «Ұлутас» АҚ-ның бас директоры (1997-2007), 2007 жылдан ЖШС «АФУ-БЕ» директоры. ІІ, ІІІ,V, VII, VIIІ шақырылған Қарақия аудандық маслихатының депутаты. Қарақия аудандық "Аманат" партия фракциясының төрағасы. Маңғыстау облысы кәсіпкерлік палатасының "Атамекен" өңірлік кеңестің мүшесі. Қазақстан Республикасы президентінің Алғыс хатымен марапатталдым Маңғыстау облысы әкімінің құрмет грамотасымен, «ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен (2004), Қарақия ауданының 40 және 45 жылдық төс белгісімен марапатталдым. 2014 жылы Қазақстан Республикасы «НұрОтан» партиясының Алғыс хаты. 2017 жылы NBP медалымен марапаталдым. 2018 жылы "Қарақия ауданының үздік кәсіпкерлер отбасы" Дипломымен марапаталдым. Маңғыстау облысы әкімі, Қарақия аудан әкімі, Жетібай ауыл әкімдерінің бірнеше алғыс және Құрмет грамоталарын алдым. 2018 жылы 12-14 қыркүйекте Орталық Азияның негізгі бөлшек сауда конференциясына қатыстым. 2019 жылы Жетібай ауылының "№ 8 орта мектебі" КММ-нің Алғыс хатымен, "Өзенмұнайгаз" АҚ 55 жыл медалымен марапаталдым. 2019 жылы Қарақия ауданының Құрметті азаматы 2020 жылы Маңғыстау облысы әкімі алғыс хаты. 2021 жылы Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы, 2021 жылы Қазақстан Республикасының Нұротан партиясының Алғыс хаты 2021 жылы Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының Құрмет Грамотасымен 2021 жылы "Шапағат" медалымен Маңғыстау облыстық «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ -2021» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ атандым. 2022 жылы Қазақстан Республикасы « Аманат» партиясының Алғыс хаты Отбасылы, жұбайы және екі ұл, үш қызы, екі немересі бар.

    Көшкінов Талғат Бекқалиұлы
    Қызметкерлер

    Көшкінов Талғат Бекқалиұлы

    Қарақия аудандық мәслихатының депутаты

    1974 жылы 26 қыркүйекте Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында дүниеге келді. Білімі жоғары. Москва экономикалық университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. 1981 жылы №8 орта мектебінің бірінші сыныбына қабылданып, 1991 жылы бітірген. 1992-1993 жылдары әскер қатарында. 1993 жылы Ақтау қаласындағы ПГМК Автобаза-9 мекемесінде автослесарь. 1993-2004 жылдары жеке кәсіпкер. 2004-2008 жылдары Қарақия аудандық жылжымайтын мүлік орталығында тіркеуші маман. 2008 жылы 1 ақпаннан бастап Қарақия ауданы Жетібай ауылдық Халыққа қызмет көрсету орталығында бөлім басшысы қызметін атқарып келеді. Еліміздің экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін бірнеше рет облыс, аудан әкімдерінің Алғыс хаттарымен, үздік Қалыққа қызмет көрсету орталығы байқауының 2 рет жеңімпазы атағын иеленіп, алғыс хаттармен марапататталған. Отбасылы, 3 баласы бар.