
Қойбағар Көмекбай Жарылғапұлы
Қарақия аудандық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
1993 жылы 4 желтоқсанда Маңғыстау облысы Жетібай ауылында дүниеге келген. Мұнайшы ауылындағы №7 орта мектепті 2011 жылы бітіріп, Жаңаөзен қаласындағы политехникалық колледжге оқуға түскен. 2014 жылы электромеханика мамандығы бойынша бітіріп, «Тұрмыс-Сервис» мекемесінде көлік жүргізушісі болып қызмет жасаған. 2017 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысады. «Есен Сейіт» шаруа қожалығының директоры.
2018 жылы Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы тәжірибесінен өткен.
2018 жылы Қарақия ауданының «Үздік кәсіпкер» номинациясымен марапатталған.
Қарақия аудандық мәслихатының VII шақырылымының депутаты.
1. 2014-2017 жж. |
«Тұрмыс-Сервис» МКҚК, көлік жүргізушісі. |
2. 2017 жылдан қазірге дейін |
«Есен Сейіт» шаруа қожалығы, директор. |





