Жүгенбаев Қуандық Саламадинұлы

    Қарақия аудандық мәслихатының депутаты

    Жүгенбаев Қуандық Саламадинұлы
    Депутат маслихата

    Жүгенбаев Қуандық Саламадинұлы

    Қарақия аудандық мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    1973 жылы 30 маусымда Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылында дүниеге келген. 1980-1990 жылдары Сенек ауылындағы Қашаған орта мектебінде оқыған. 1990-1993 жылдары Ералиев атындағы совхозда жұмысшы, 1993-1995 жылдары «Наурыз и К» ЖШС-де жүргізуші, 1995-1997 жылдары «Узеньэнергонефть» мекемесінде жүргізуші, 1997-2002 жылдары Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде заңгер мамандығы бойынша оқыған. 2003-2005 жылдары «Айсара» ЖШС директорының орынбасары болған. 2005 жылы «Өзенмұнайгаз» АҚ №2 скважиналарға қызмет көрсету басқармасына қызметке тұрып, мекеме жүргізушісінен бастап директорына дейін көтерілген. 2012-2013 жылдары №3 скважинаға қызмет көрсету басқармасының директоры, 2013-2017 жылдары технологиялық транспорт басқармасының директоры, 2017 жылдан бастап №3 СҚКБ-ның бас инженері болып жасайды.

    2011-2013 жылдары Д.А.Қонаев атындағы транспорт және құқық университетін «транспорт, транспорт техникасы және технологиясы» мамандығы бойынша бітірген.

    Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен (2011ж), «Маңғыстау мұнайына 50 жылдық» мерекелік медалімен (2011ж), «Қазмұнайгаз» АҚ бас директорының Құрмет грамотасымен (2011ж), «Жаңаөзен қаласына 50 жыл» мерекелік медалімен, «Теңге ауылына 55 жыл» мерекелік медалімен (2019ж), «Өзенмұнайгаз» АҚ «55 жыл толуына орай» мерекелік медалімен (2019ж) марапатталған.

    Отбасылы, 4 баласы және немерелері бар.

    Қарақия аудандық мәслихатының VII шақырылымының депутаты.

    1. 1990-1993 жж.

    Ералиев атындағы совхоз, жұмысшы.

    2. 1993-1995 жж.

    «Наурыз и К» ЖШС, жүргізуші.

    3. 1995-1997 жж.

    «Узеньэнергонефть» мекемесі, жүргізуші.

    4. 1997-2002 жж.

    Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, студент.

    5. 2003-2005 жж.

    «Айсара» ЖШС, директордың орынбасары.

    6. 2005-2012 жж.

    «Өзенмұнайгаз» АҚ, №2 скважиналарға қызмет көрсету басқармасы, жүргізуші, директор.

    7. 2012-2017 жж.

    «Өзенмұнайгаз» АҚ, №3 скважиналарға қызмет көрсету басқармасы, директор, технологиялық транспорт басқармасының директоры.

    8. 2017 жылдан қазірге дейін

    «Өзенмұнайгаз» АҚ, №3 скважиналарға қызмет көрсету басқармасы, бас инженер.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері