
Жиенқұлов Ерлан Есболайұлы
Қарақия аудандық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
1980 жылы 16 мамырда Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Ұштаған ауылында дүниеге келген.
1997 жылы Қарақия ауданының Жетібай кентіне қарасты №3 орта мектепті аяқтап, 1997-2002 жылдары Шахмардан Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінде оқып, тау-кен инженері мамандығы бойынша мамандық алып шықты.
Аталған жоғарғы оқу орнын бітіріп, өндірістік жұмысқа тұрғаннан бері осы өңірді дамыту жолындағы сан алуан жұмыстарға, әсіресе, мұнай өнеркәсібін саласын дамытуға белсене араласып келеді. «МаңғыстауМұнайГаз» Акционерлік қоғамында 2002 жылы мұнай және газ өндіру жөніндегі операторы қызметінен бастап, қазір осы Акционерлік қоғамның «Орталық инженерлік техника қызметі» басқармасының бастығы қызметін атқаруда.
«Аманат» партиясының мүшесі.
Отбасылы, алты баласы бар.





