Бекежан Мерей Сүндетқалиұлы

    Қарақия аудандық мәслихатының депутаты

    Бекежан Мерей Сүндетқалиұлы
    Депутат маслихата

    Бекежан Мерей Сүндетқалиұлы

    Қарақия аудандық мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    1995 жылы Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай ауылында дүниеге келген. 2013 жылы №8 орта мектебін бітірген. Бойдақ. Білімі жоғары.

    Аяқтаған оқу орындары:

    1. Маңғыстау өнер колледжі. Суретші мамандығы.
    2. Қазақстан инновациялық және коммуникациялық жүйелер университеті. Мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры.
    3. Москва экономикалық институты. Экономика магистрі.

    Еңбек жолын 2017 жылы Өскенбай Қалманбетұлы атындағы Жетібай балалар өнер мектебінде бейнелеу өнері сыныбының педагогы қызметінен бастады. Уақыт өте келе кәсіподақ төрағасы, директордың бейінді оқу жөніндегі орынбасары болып жұмыс жасаған. Қазіргі уақытта сол мектептің директоры қызметін атқарады.

    Марапаттары:

    1. Елбасы медалі. (ересек топ)
    2. Облыс әкімінің алғыс хаты. (Тұркістан ұқаласында Маңғыстау өңірінің өнерін көрсету).
    3. Республикалық білім және ғылым кәсіподағының Құрмет грамотасы (Астана қаласы).
    4. Облыстық білім және ғылым кәсіподағының Құрмет грамотасы.
    5. Облыстық мәдениет басқармасының алғыс хаты (Республикалық суретшілер симпозиумы).
    6. Украина халқы қауымдастығының Алғыс хаты (Т.Шевченко 200 жылдығы).
    7. Ақтау қаласы әкімінің алғыс хаты.
    8. Аудан әкімінің Алғыс хаты.
    9. Қарақия аудандық білім бөлімінің алғысы.
    10. Республикалық және облыстық байқаулардың жүлделі марапаттары.

    1. 2017 жылдан бастап

    Өскенбай Қалманбетұлы атындағы Жетібай балалар өнер мектебінде бейнелеу өнері сыныбының педагогы, кәсіподақ төрағасы, директордың бейінді оқу жөніндегі орынбасары, директоры.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері