
Бөлтекова Гүләйім Тоқсанбайқызы
Қарақия аудандық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
1971 жылы 31 тамызда Ералы поселкесінде дүниеге келген.
1978 жылы №1 қазақ орта мектебінің 1 сыныбына барып, 1988 жылы бітіріп шықты.
Сол жылы Маңғышлақ педагогикалық училищесіне түсіп, 1990 жылы аяқтайды.
Еңбек жолын 1990 жылы №56 балабақшасында тәрбиеші қызметінен бастайды.
1996-2007 жылдары Ақтау қалалық педтехнология орталығында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдіскері, Маңғыстау облыстық біліктілік арттыру институтында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдіскері қызметтерін атқарды.
2008-2022 жылдары Құрық ауылындағы «Болашақ» балабақшасының директоры қызметін атқарды.
2022 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Құрық ауылындағы «Құлыншақ» балабақшасының директоры қызметін атқарады.
«AMANAT» партиясының мүшесі.
1. 1990-1996 жж. |
Ақтау қаласының №56 балабақшасында тәрбиеші |
2. 1996-2007 жж. |
Ақтау қалалық педтехнология орталығында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдіскері, Маңғыстау облыстық біліктілік арттыру институтында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдіскері қызметтерін атқарды |
3. 2008-2022 жж. |
Құрық ауылындағы «Болашақ» балабақшасының директоры қызметін атқарды |
4. 2022 жылдан бастап |
Құрық ауылындағы «Құлыншақ» балабақшасының директоры қызметін атқарады |





