
Мұқанова Гүлшат Сағынбайқызы
Қарақия аудандық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
1974 жылы 10 қаңтарда Маңғышлақ облысы, Ералиев ауданы Жетібай ауылында дүниеге келген. Әкесі-Муканов Сағынбай, Анасы –Қосыпова Дәмелі, жұмысшы мамандықтарымен қызмет еткен жандар.
1980 жылы Жетібай ауылының №3 орта мектебінің табалдырығын аттаған. 1990 жылы бітіріп шыққан. 1991-1994 жылдар аралығында Маңғыстау педагогикалық колледжін «мектепке дейінгі тәрбие» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген. 1992 жылдан 1998 жылға дейін «Жетібаймұнайгаз» ӨБ қарасты «Айгөлек» балабақшасында тәрбиешінің көмекшісі, тәрбиеші мамандықтары бойынша жұмыс жасаған. 1998 жылдан 2017 жылға дейін Жетібай ауылының №4 орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі, психолог, әлеуметтік педагог, директордың тәрбие ісі, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары лауазымдары бойынша қызмет атқарған. 2005-2009 жылдар аралығында Ақтөбе «Дүние» университетін «педагог-психолог» мамандығы бойынша бітірген. 2017 жылдың 16 тамызынан бастап Жетібай ауылының №3 орта мектебінің директоры қызметін атқаруда.
1999 жылдан «Отан», «NurOtan» партиясының мүшесі. «Жаңа Жетібай», «Жетібай2» БПҰ төрағасымын. Қарақия Адалдық алаңы мүшесі.
Қарақия ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен , Маңғыстау облысы әкімінің Алғыс хатымен, ҚР Білім және Ғылым министрінің Алғыс хаты және Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Қарақия аудандық мәслихатының VII шақырылымының депутаты.
Отбасылы, 6 баласы бар, «Күміс алқа» иегері.
1. 1992-1998 жж. |
«Жетібаймұнайгаз» ӨБ қарасты «Айгөлек» балабақшасы, тәрбиешінің көмекшісі, тәрбиеші. |
2. 1998-2017 жж. |
Жетібай ауылының №4 орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі, психолог, әлеуметтік педагог, директордың тәрбие ісі жөніндегі, оқу ісі жөніндегі орынбасары. |
3. 2017 жылдан қазірге дейін |
Жетібай ауылының №3 орта мектебі, директор. |





