Порталдың мобильді нұсқасын жасау туралы мәселе.
Порталдың мобильді нұсқасын әзірлеу келесі 2022 жылға арналған жаңғырту аясында қарастырылған.
Қарағанды облысының халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жәрдемдесу.
"Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері: Халықты жұмыспен қамту, көші - қон саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету-мүгедектер, ардагерлер, табысы аз адамдар, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар.
Ашу
АшуПорталдың мобильді нұсқасын жасау туралы мәселе.
Порталдың мобильді нұсқасын әзірлеу келесі 2022 жылға арналған жаңғырту аясында қарастырылған.
Кепілдендірілген сома дегеніміз не?
Кепілдендірілген сома-бұл мемлекет жабатын сома. Әрбір тауар құнының кепілдік берілген сомасын есептеу өнім берушілердің оны мүгедектерге өткізу үшін порталда берген бағаларының орташа мәні және өткен 3 (үш) қаржы жылындағы оның сатылған саны негізінде жүзеге асырылады. Портал арқылы сатып алынатын санаторий-курорттық емдеу, протездік-ортопедиялық көмек, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар, арнаулы жүріп-тұру құралдарының құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың мөлшерін есептеу Қағидалары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 15 бұйрығымен бекітілген.
Көмекші әр сағат үшін есеп беруге міндетті ме?
Көмекші барған объектілерді және ілесіп жүруге жұмсалған сағат санын көрсетуі тиіс. Бұл деректерді күнделікті немесе айдың соңында көрсетуге болады.
Атаулы әлеуметтік көмекке құжаттарды қалай және қайда тапсыруға болады?
Адам жеке өзінің немесе отбасының атынан АӘК тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ол болмаған жағдайда — кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінеді. Мемлекеттік инстанцияларда адамдардың көп жиналуын болдырмау және COVID-19 жұқтыру қаупін азайту мақсатында Жезқазған қаласының жұмыспен қамту орталығында атаулы әлеуметтік көмек проактивті форматта тағайындалуда. Covid-19 таралуына байланысты шектеу шараларының қолданылуының бүкіл кезеңі бойынша азаматтар АӘК-ті бастапқы тағайындау үшін Электрондық Үкімет порталы арқылы электрондық форматта өтініш бере алады.
Жұбайымен ажырасқанмын, балалармен тұрамын. АӘК алу үшін алимент туралы мәліметтерді міндетті түрде ұсыну қажет пе? Мен алимент алуға өтініш білдірмедім. Қалай тағайындалатын болады?
«Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-IV Кодексінің 138-139-баптарына сәйкес ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағуға міндетті. Осыған байланысты, егер баланың ата-анасы арасында неке қиылса немесе баланың әкесі болып табылатын адам онымен бірге тұрмаса, баланы тәрбиелеп отырған ата-ана алимент алуға өтініш жасауға міндетті. Жиынтық табысты есептеу ережелеріне сәйкес, алимент есепке алынбай АӘК тағайындау кезінде АӘК тек келесі жағдайларда тағайындалады: - борышкер жұмыс істемейді және жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген жағдайда; - борышкер бас бостандығынан айыру орындарында немесе уақытша ұстау изоляторында болған жағдайда; - борышкер туберкулез, психоневрологиялық, онкологиялық, санаторий-курорттық диспансерлерде (стационарларда) есепте тұрған жағдайда; - борышкер іздеуде болған жағдайда. Егер ерлі-зайыптылар арасындағы неке (ерлі-зайыптылық) бұзылса, бірақ ерлі-зайыптылардың біреуінен алимент өндіріп алынбаса, отбасының жиынтық табысында олардың бірге тұру фактісіне қарамастан, оның табысы толығымен ескеріледі. Борышкер тиісті құқық қорғау органының анықтамасымен немесе учаскелік комиссияның қорытындысымен расталған балаларды және басқа да асырауындағыларды асыраудан жалтарған кезде жиынтық табыс алименттер есепке алынбай есептеледі. Қалған жағдайларда алименттерді есепке алмай АӘК есептеу үшін негіздемелер жоқ. Балаларға және басқа да асырауындағыларға алынған алименттер мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған кезде және (немесе) олар өтініш беруші ұсынған мәліметтерге сәйкес келмеген кезде ұйымдардың аударылған алименттер туралы анықтамаларымен не пошта аударымдарының алынған алименттер туралы түбіртегімен, сондай-ақ сот органдарының алименттерді өндіріп алу туралы актісін қоса бере отырып, еркін нысандағы жазбаша өтініш негізінде расталады. Алимент бойынша 3 айдан асатын кезең үшін берешек пайда болған кезде сот орындаушысының алимент бойынша берешекті айқындау туралы қаулысы ұсынылады.
Кепілдендірілген әлеуметтік топтамасы дегеніміз не? Кімге ол тиесілі?
Кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы АӘК алатын отбасылардан шыққан балаларға азық-түлік және гигиеналық құралдар (1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар) және ыстық тамақ, оқу құралдары, мектеп киімі (6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар) түрінде беріледі. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мерзіміне 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға көмек көрсетіледі, яғни жәрдемақы беру тоқтатылған жағдайда кепілдендірілген әлеуметтік топтамасы да тоқтатылады. 6-18 жастағы балалар үшін көмек бүкіл оқу жылына жалпыға бірдей оқу қоры арқылы көрсетіледі, яғни АӘК беруді тоқтату ыстық тамақпен, мектеп керек-жарақтарымен және мектеп формасымен қамтамасыз етуден бас тартуға негіз болып табылмайды.
Әлеуметтік көмек Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – Әлеуметтік кодекстің 120-бабының 4-тармағына сәйкес жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен адамға немесе отбасына берілетін шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде ақшалай нысандағы төлем. Атаулы әлеуметтік көмектің түрлері Отбасының немесе жеке адамның әлеуметтік жағдайына байланысты көмек екі түрге бөлінеді: шартсыз және шартты. Шартсыз ақшалай көмек - жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі табысы аз адамдарға (отбасыларға) ай сайынғы ақшалай төлемдер нысанында көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі. Шартты ақшалай көмек – өз құрамында еңбекке қабілетті мүшесі бар жалғызілікті және жалғыз тұратын аз қамтылған еңбекке қабілетті адамдарға, сондай-ақ аз қамтылған отбасыларға, оның ішінде бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға ай сайынғы ақшалай төлемдер нысанында көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу және қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысу. Шартсыз ақшалай көмек келесі тұлғаларға көрсетіледі: 1) Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі жалғызілікті немесе жалғыз тұратын аз қамтылған адамдарға: зейнеткерлік жасқа толуына; бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігіне; екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін ауруының болуына байланысты. 2) Құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе жалғыз еңбекке қабілетті мүшесі: үш жасқа дейінгі балаға; мүгедектігі бар балаға; бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамға; бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж қартқа күтімді жүзеге асыратын табысы аз отбасыларға көрсетіледі. Шартсыз ақшалай көмек өтініш берілген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленеді. Шартты ақшалай көмек жалғызілікті не жалғыз тұратын еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, сондай-ақ құрамында еңбекке қабілетті мүшесі бар табысы аз отбасыларға, оның ішінде бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға, ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда, ай сайынғы немесе біржолғы ақшалай төлемдер нысанында көрсетіледі. Еңбекке қабілетті мүше үшін белгілі бір жеңілдіктер бар: оған жұмыс табуға, білім алуға немесе өз ісін ашуға көмектеседі. Шартты ақшалай көмек өтініш берген айдан бастап тағайындалады және ай сайын немесе әлеуметтік келісім - шарттың қолданылу кезеңіне бірыңғайтүрде төленеді. АӘК бойынша тағайындалған сомаға ай сайынғы негізде бір жастан алты жасқа дейінгі әрбір балаға қоса алғанда 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша төлем төленеді. Оның мөлшері 2026 жылы – 4 325 теңгені (4 325 * 1,5 АЕК) құрайды. АӘК тағайындау үшін аз қамтылған отбасылар (азаматтар) жеке басын анықтау үшін өтініш пен жеке куәлікті ұсына отырып, тұрғылықты жері бойынша Мансап орталығына немесе ауылдық жерде – кент, қала, ауылдық округ әкіміне жүгінуі қажет. Сондай-ақ электрондық үкімет порталы (www.egov.kz) арқылы электрондық қолтаңбаны (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе SMS парольді пайдалана отырып (қызмет – АӘК тағайындау). Көмек көрсетуге құжаттарды қабылдау кезінде әңгімелесу өткізіледі, оның барысында мемлекеттік қызмет көрсету негіздері айқындалады: - шартсыз немесе шартты ақшалай көмек алу үшін; - жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының қажеттілігі; - әлеуметтік бейімдеу шараларының қажеттілігі. АӘК отбасының әрбір мүшесіне кедейлік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар азаматтарға тағайындалады. Бүгінгі күні кедейлік шегі 2026жылдың 4 тоқсанына орта есеппен 48 759 теңге болып белгіленді. Осылайша, бір адамға (отбасына) келетін АӘК-тің мөлшері жан басына шаққандағы орташа кіріс пен өңірлерде отбасының әр мүшесіне негізделген белгіленген кедейлік шегінің арасындағы айырма ретінде есептеледі. Бұл ретте отбасының жиынтық табысына мынадай төлемдерден басқа барлық табыс түрлері енгізіледі: 1) атаулы әлеуметтік көмек; 2) тұрғын үй көмегі; 3) жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақы; 4) жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар; 5) бірінші, екінші, үшінші топтардағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар; 6) жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар; 7) бірінші, екінші, үшінші топтардағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар; 8) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар; 9) жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының (училищелер, колледждер) студенттеріне төленетін стипендия, оның ішінде мемлекеттік атаулы және атаулы стипендия; 10) отбасына төтенше жағдайлар салдарынан денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында көрсетілген көмек; 11) бала тууға байланысты берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақылар; 12) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдарында табысы аз отбасылардан шыққан білім алушыларға студенттерге көрсетілетін материалдық көмек; 3) Кодексінің 11-бабының 17) тарамағына сәйкес «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы қаулысымен (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) бекітілген азық-түлік өнімдері бағасының қымбаттауына байланысты табысы аз азаматтарға мемлекеттік бюджеттен және өзге де көздерден көрсетілген ақшалай немесе зат түріндегі көмек; 14) Үлгілік қағидаларға сәйкес көрсетілетін біржолғы ақшалай көмек; 15) қайырымдылық көмек; 16) азаматтардың тегін немесе жеңілдікпен протездеуге бару жолына ақы төлеу; 17) протездеу уақытында азаматтарды ұстау; 18) азаматтардың елді мекеннен тыс жерлерге емделуге тегін немесе жеңілдікпен жол жүру құны; 19) заттай түрде көрсетілген көмек: дәрілік препараттар, санаторий-курорттық емдеу, протездік-ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу), мүгедектігі бар адамдарға бөлінген арнаулы жүріп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен оңалту құралдары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек, бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі әрбір балаға ай сайынғы қосымша төлем шеңберінде ұсынылатын көмек; 20) жетім баланы және (немесе) ата-ананың қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алумен байланысты біржолғы ақшалай төлемдер; 21) Ерікте түрде қоныс аудару қағидалары шеңберінде ерікті түрде қоныс аудару қатысушыларына (отбасының әрбір мүшесіне) көшуге берілетін біржолғы төлем; 22) «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 34 Жарлығына сәйкес кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті екінші деңгейдегі банктерде және микроқаржы ұйымдарында біржолғы өтеу; 23) тұрғын үй заңнамасында белгіленген тәртіппен қарыз бойынша бастапқы төлемнің бір бөлігін жабуға арналған тұрғын үй сертификаттарының сомасы; 24) төтенше жағдай немесе шектеу іс-шаралары кезеңінде ұсынылатын азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар, сондай-ақ осы көмектің орнына төленетін сома; 25) төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайына немесе шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлемдер; 26) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 17 маусымдағы № 221 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34524 болып тіркелген) Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үй төлемдері.