
Спабеков Ғалымжан Оспанұлы
Басшы
1977 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Білімі - жоғары. 1999 жылы Алматыдағы Абай атындағы мемлекеттік университетті бітірді. 2006 жылы Шымкент университетін, 2015 және 2022 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясын «құқықтану», «экономика», «мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі» мамандықтары бойынша тәмамдады. Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі 20 жылдан астам. 2000 - 2008 жылдары - Қарағанды облысының Ішкі істер органдарында жұмыс істеді. 2011 - 2013 жылдары - Теміртау қаласы әкімі аппаратының ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы. 2013-2015 жылдары - Теміртау қаласының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы бөлімдерін басқарды. 2015 - 2016 жылдары - Теміртау қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары. 2016-2023 жылдары - Теміртау қаласы әкімінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары. 2023 жылғы 2 қазанда Қарағанды облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды. 2026 ж. «Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы.









