Еңбек ардагерлері «Балқаш» шипажайына демалуға аттанды

    1 / 4

    Бүгін, 19 қазанда полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем көлігінің сүйемелдеуімен 50 зейнеткер жайлы автобуспен Приозерск қаласындағы «Балқаш» шипажайына аттанды. Қарағанды облысында жүзеге асырылып жатқан бұл жоба өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаевтың бастамасымен қолға алынған.
    Әріптестер мен демеушілердің қолдауының арқасында еңбек ардагерлері төртінші жыл қатарынан санаторий-курорттық емделуге арналған жолдамаларға ие болып келеді. Олардың қатарында өңір өндіріс орындарында ұзақ жылдар еңбек еткен бұрынғы дәрігерлер, мұғалімдер, құрылысшылар, шахталық жабдықтардың слесарльер және басқа да мамандар бар.
    Демалушылардың тізімі жергілікті әкімдіктерде жасақталады. Оған мемлекеттік қолдау аясында мұндай әлеуметтік қызмет түрін бұрын алмаған қарт азаматтар енгізіледі. Облыстық маңызы бар әр қаладан бес адамнан, ал ауылдық өңірлерден екі адамнан жіберіледі.
    «Балқаш» шипажайында зейнеткерлер денсаулығын нығайта алады. Емдеу шараларын дәрігер әрбір демалушыға медициналық көрсетілімдері мен қарсы көрсетілімдерін ескере отырып, жеке тағайындайды. Емдеу курсының ұзақтығы – 10 күн.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" жаңалықтары