Кепілдендірілген әлеуметтік топтамасы дегеніміз не? Кімге ол тиесілі?
Кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы АӘК алатын отбасылардан шыққан балаларға азық-түлік және гигиеналық құралдар (1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар) және ыстық тамақ, оқу құралдары, мектеп киімі (6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар) түрінде беріледі.
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мерзіміне 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға көмек көрсетіледі, яғни жәрдемақы беру тоқтатылған жағдайда кепілдендірілген әлеуметтік топтамасы да тоқтатылады. 6-18 жастағы балалар үшін көмек бүкіл оқу жылына жалпыға бірдей оқу қоры арқылы көрсетіледі, яғни АӘК беруді тоқтату ыстық тамақпен, мектеп керек-жарақтарымен және мектеп формасымен қамтамасыз етуден бас тартуға негіз болып табылмайды.