Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде қандай табыс ескеріледі?
Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есепті кезеңде алынған, салық салынуға жататын барлық табыс түрлері ескеріледі:
1) еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыстар;
2) алимент түріндегі табыс;
3) жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табыс;
4) кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс;
5) жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын жалға беруден және өткізуден түсетін табыс;
6) бағалы қағаздардан түсетін табыс;
7) жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын және басқа да мүлікті сыйға тарту, мұраға қалдыру түрінде алынған табыс және коммерциялық қызметтен түскен барлық табыс.