Атаулы әлеуметтік көмекке құжаттарды қалай және қайда тапсыруға болады?
Адам жеке өзінің немесе отбасының атынан АӘК тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ол болмаған жағдайда — кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінеді.
Мемлекеттік инстанцияларда адамдардың көп жиналуын болдырмау және COVID-19 жұқтыру қаупін азайту мақсатында Жезқазған қаласының жұмыспен қамту орталығында атаулы әлеуметтік көмек проактивті форматта тағайындалуда.
Covid-19 таралуына байланысты шектеу шараларының қолданылуының бүкіл кезеңі бойынша азаматтар АӘК-ті бастапқы тағайындау үшін Электрондық Үкімет порталы арқылы электрондық форматта өтініш бере алады.