Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

    Әкімдіктің басқармалары

    Мемлекеттік мекеме жұмыспен қамту, мемлекеттік атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін тағайындау, мүгедектерді техникалық және гигиеналық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету, мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету, қарттар мен мүгедектерге, мүгедек балаларға үйде арнайы әлеуметтік қызметтер көрседі.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    "Еңбек жолы " конкурсы

    2026 жылғы 22 мамыр бен 01 шiлде аралығында «Еңбек Жолы» байқауына қатысуға ниеттенген үмiткерлерден өтiнiмдер қабылдана бастайды. Конкурс «Үздiк еңбек әулетi», «Өндiрiстiң үздiк жас қызметкерi», «Жұмысшы жастардың үздiк тәлiмгерi» номинацияларынан тұрады. Аталған конкурс жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерiн сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу мақсатында үздiк еңбек әулеттерi мен өндiрiс қызметкерлерiн анықтайды. Конкурс қоғамдағы еңбек адамының мәртебесiн арттыруға және «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» ұраны аясында еңбек өнiмдiлiгiн ынталандыруға ықпал етедi. Толық ақпарат Қатысуға өтінімдер

    15 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    «Еңбек жолы» конкурсына қатысайық!

    «Еңбек жолы» конкурсына қатысайық! Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ілгерілету мақсатында 2016 жылдан бастап еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлері арасында өткізілетін «Еңбек жолы» республикалық конкурсы белгіленді. «Еңбек жолы» конкурсын өткізудің мақсаты- ұрпақтар сабақтастығын сақтау, еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пiкiр қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау, қазақстандықтарда Қазақстан Республикасы экономикасының дамуына елеулі үлес қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу және «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» аясында еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыру және еңбек өнімділігін ынталандыру. Конкурс жыл сайын 2 (екі) кезеңде өткізіледі: өңірлік және республикалық. Конкурсқа мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, саласына қарамастан кәсіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алады. Конкурсқа қатысушылар ұсынған материалдар негізінде конкурс жеңімпаздарын анықтау жөніндегі республикалық және өңірлік комиссиялар мынадай номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтайды: 1) «Үздік еңбек әулеті» - бұл номинацияда ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады. Еңбек әулеті – бір отбасының жақын туыстарының үш және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен) , қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және осы кәсіпорында жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл болатын бір ұйымның жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған еңбек әулетінің өкілі әулеттің басшысы болып танылады. Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс. 2) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» - бұл номинацияда кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады; 3) «Өндірістің үздік жас маманы» - бұл номинацияда жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді платформа «Qamqor.enbek.kz» арқылы қабылдау 2026 жылдың 22 мамырдан бастап 1 шілдеге дейін. Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылуы тиіс: 1) номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінішті; 2) жеке куәліктің көшірмесі; 3) номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан аспайтын бейнероликті (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген); 4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б.) 1 минуттан аспайтын компьютерлік презентация ( Microsoft Power Point форматында); 5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері (жұмыс орнынан анықтама) ; 6) жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан ұсыным хат. Бар болған жағдайда (келесі құжаттардың көшірмелері): мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, грамоталардың, алғыс хаттардың көшірмелері; біліктілікті арттыру туралы сертификаттар (бар болса). Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады. Барлық ниет білдірген тұрғындарды және барлық меншік нысанындағы ұйымдардың еңбек ұжымдарын аталған конкурсқа қатысуға шақырамыз. Толық мәлімет пен кеңес Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында, мекен-жайы: Атырау қаласы, Азаттық 31 а даңғылы, тел.8(7122)307028, облыс әкімдігінің интернет- ресурсында: gov.kz немесе қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне хабарласып алуыңызға болады.

    15 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    2025 жылғы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығымен "Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсына сәйкес 2026 жылы басталатындығы туралы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурсы жарияланады. Толық ақпарат 2008-2025 жылдары аралығында Атырау облысы бойынша бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының жеңімпаздары Қатысу үшін өтінімі мен құжаттары

    18 мамыр 2026 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Микрокредиттер қандай жағдайда берілмейді?

    Жауап

    Микрокредиттер бойынша келесі мақсаттарды қаржыландыруға тыйым салынады: жылжымайтын тұрғын мүлікті (оның ішінде малшыларға арналған уақытша/тұрақты тұрғын үйлерді) сатып алу, салу немесе жөндеу, жер учаскелерін сатып алу (кез-келген нысаналы мақсатпен); бағалы қағаздарды сатып алу (портфельдік инвестициялар); қаруды (оның ішінде қару өндіруге арналған құрамдас бөліктерді), құрамында есірткі бар заттарды немесе азаматтық айналымнан алынған басқа да мүлікті өндіру немесе сатып алу; ойын бизнесін ұйымдастыру және (немесе) дамыту; Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған террористік және кез-келген осымен байланысты өзге де қызметті; моторлы көлік құралдарын шығаруды және өз өндірісіндегі жүзімнен шарап өндіруді, сондай-ақ темекі жән/немесе алкоголь өнімдерін сатып алуды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығару; кредиторлық берешекті өтеуге; бизнесті жүргізуге байланысты емес жеке тұтынушылық мақсаттар.

    ·
    Сұрақ

    Микрокредиттерді қалай алуға болады?

    Жауап

    Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу бағытында жастарға микрокредит 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі 7 жылға дейін 2,5 пайыздық жеңілдікпен беріледі. Микрокредиттің ең жоғары сомасы - 5 миллион теңгеге дейін. Кепіл болуы міндетті. Кепілге жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік жатады (жер учаскелері, пәтер, тұрғый үй, ғимарат (здания), құрылғы (сооружения), көлік, арнайы техника, екінші деңгейдегі банктардың есеп шоттарындағы қаражаттар және т.б.). Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең микрокредит беру мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды. Микрокредитті 21 жылдан 35 жасқа дейіңгі жастар және дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі бес жылдан аз кәсіпкерлер ала алады. Микрокредит беру үшін үміткердің жасы құжаттарды тапсыру сәтінде ескеріледі. Микрокредит алу үшін үміткерлер сенім білдірілген өкілге (агентке) тиісті құжаттарды ұсынады. Сенім білдірілген өкілге (агентке) микрокредит алу үшін жүгінген сәтте дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі бес жылдан аз кәсіпкерлер бола алады. Сенім білдірілген өкіл түскен құжаттарды жан-жақты тексеріп және олардың микрокредит беру талаптарына сәйкестігімен ұсынылған бизнес жобаға бағалау жүргізеді. Микрокредиттерді беру мақсатында бизнес-жобаларды іріктеу үшін құжаттар облыстық конкурстық комиссияға ұсынылады. Комиссия шешімімен бизнес-жобаларды қорғау нәтижесімен оң баға берілген жағдайда микрокредиттер беріледі.

    ·
    Сұрақ

    Қайтарымсыз мемлекеттік гранттар кімдерге арналған?

    Жауап

    Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы адамдарға конкурстық негізде 400 еселенген айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне дейін беріледі. Гранттар 1) атаулы әлеуметтік көмек алушылар; 2) төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алушылар; 3) асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушылар; 4) қоныс аударушылар; 5) қандастар; 6) еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар; 7) мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға беріледі. Гранттар жұмыссыз немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан аз дара кәсіпкер ретінде грант алуға өтініш бергенге дейін тіркелген жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі. Гранттар бір рет беріледі және нысаналы мақсаты бойынша қажетті еңбек құралдарын, мүкәммалды, технологиялық жабдықты, жануарларды, малды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, көшеттерді сатып алу, коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілерінің, сондай-ақ сауда объектілерінің, оның ішінде жалға алу, пайдалану, сенімгерлік басқару құқығындағы сауда объектілерінің аумағында жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған үй-жайларды жалдау ақысын төлеу үшін беріледі. Гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді. Гранттар легтер бойынша және комиссия шешімдерімен беріледі.

    ·
    Сұрақ

    Ұрпақтар келісім-шарты жобасына қатысу мүмкіндіктері?

    Жауап

    Оқу орындарының жұмыссыз түлектерін өздері алған кәсібі (мамандығы) бойынша немесе ұлттық кәсіптер сыныптауышында қызметтің осы тобына жататын ұқсас кәсіп (мамандық) бойынша жұмысқа орналастырып, кейіннен бағытталған ҚР Әлеуметтік Кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған, жұмыс істеп жүрген жұмыскерді алмастыруға бағытталған жоба. Жобаға үш жыл ішінде оқуын аяқтаған жас түлектер қатыса алады, жалақы мөлшері 30 АЕК-тен төмен емес мөлшерінде белгіленді. Ұзақтығы 6 айдан аспайды.

    ·
    Сұрақ

    Күміс жас жобасы қандай жастағы азаматтарға арналған?

    Жауап

    50 жастан асқан жұмыссыз адамдар «Күміс жас» жобасына қатысушылар болып табылады, олардың арасында зейнеткерлiк жас алдындағы (зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған) адамдарға басымдық беріледі. Жобаға қатысу мерзімі: 36 айдан аспайды. Жалақы мөлшері: 1) қатысудың бірінші 12 (он екі) айында жалақы мөлшерінің 70 %-ын құрайды, бірақ 30 (отыз) АЕК-тен аспайды; 2) қатысудың 13 (он үшінші) айынан бастап 24 (жиырма төртінші) айына дейін жалақы мөлшерінің 65 %-ын құрайды, бірақ 30 (отыз) АЕК-тен аспайды; 3) қатысудың 25 (жиырма бесінші) айынан бастап 36 (отыз алтыншы) айына дейін жалақы мөлшерінің 60 %-ын құрайды, бірақ 30 (отыз) АЕК-тен аспайды. «Күміс жас» жобасына қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген зейнеткерлік жасқа толмаған адамды кемінде 1 жыл мерзімге, ал зейнеталды жастағы адамды зейнеткерлікке шыққанға дейін тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастыру көзделді.

    ·
    Сұрақ

    Қоғамдық жұмыс бұл қандай шара?

    Жауап

    Мансап орталықтары ұйымдастыратын, жұмыскерлердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, олардың уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік пайдалы бағыттағы еңбек қызметінің түрлері. Қоғамдық жұмыстарға 16 жастан бастап ҚР Әлеуметтік Кодекстің 207 бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін қатысуға болады. Оған: - жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар; - оқудан бос уақытта студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарда; - өндірістің тоқтап тұруына байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар қатысады. Жалақы мөлшері 30 АЕК-тен төмен емес мөлшерінде белгіленді, ұзақтығы 12 айдан аспайды.

    ·
    Ақпарат

    Атырау облысы бойынша мүгедектігі бар адамдарға 2026 жылғы 1- тамызына көрсетілген арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы ақпарат

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 1 - августа еңбек нарығындағы жағдай және әлеуметтік қолдау шараларының жүзеге асырылуы туралы ақпарат

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 1- тамызына Атырау облысының аз қамтылған азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ақпарат

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Атырау облысы бойынша 2026 жылғы 1 – тамызына халықтың көші қон ағыны туралы ақпарат

    Жарияланды:
    Есеп

    Атырау облысы бойынша 2026 жылғы 1- тамызына шетелдік жұмыс күшін тарту туралы ақпарат

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Босқын мәртебесін беру, ұзарту бойынша 2026 жылдың 1 тамызына мәлімет

    Жарияланды: