Атырауда әлеуметтік қорғау саласының үздіктері марапатталды

    1 / 17
    Атырауда Әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің күніне орай салтанатты жиын өтіп, сала ардагерлері мен бірқатар маманға мемлекеттік және ведомстволық марапаттар табысталды, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
    Салтанатты жиында Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Полымбет Хасанов сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтап, өңірдегі әлеуметтік қорғау жүйесінде жүзеге асқан өзгерістерге тоқталды.
    – Қазір әлеуметтік салада елеулі өзгерістер жүріп жатыр. Былтыр өңірдегі әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдары Әлеуметтік кодекс талаптарына сәйкес лицензия алып, жұмыстарын жаңа талаптар негізінде жалғастырды. Биыл екі маңызды нысан ашылды. Оның бірі – қала іргесіндегі «Алмалы» мүгедектігі бар адамдарды оңалту орталығы болса, екіншісі – «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының жаңа бөлімшесі. Алдағы уақытта осындай орталықтардың тағы бірін Нұрсая ықшам ауданында ашу жоспарланып отыр, – деді Полымбет Хасанов.
    Мерекелік жиында әлеуметтік қорғау саласының дамуына үлес қосып, кәсіби міндеттерін абыроймен атқарып жүрген мамандарға бірқатар марапат табысталды. Олар «Еңбек ардагері», «Салаға қосқан үлесі үшін», «Өз ісінің маманы», «Әлеуметтік саланың үздігі» медальдарымен және «Мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
    Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты, облыс әкімінің және оның орынбасарының Алғыс хаттары берілді. Сондай-ақ бір маманға «Атырау» шипажайында емделуге жолдама табысталды.
    Салтанатты кеш мерекелік концертпен жалғасты.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" жаңалықтары