Күміс жас жобасы қандай жастағы азаматтарға арналған?
50 жастан асқан жұмыссыз адамдар «Күміс жас» жобасына қатысушылар болып табылады, олардың арасында зейнеткерлiк жас алдындағы (зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған) адамдарға басымдық беріледі.
Жобаға қатысу мерзімі: 36 айдан аспайды.
Жалақы мөлшері:
1) қатысудың бірінші 12 (он екі) айында жалақы мөлшерінің 70 %-ын құрайды, бірақ 30 (отыз) АЕК-тен аспайды;
2) қатысудың 13 (он үшінші) айынан бастап 24 (жиырма төртінші) айына дейін жалақы мөлшерінің 65 %-ын құрайды, бірақ 30 (отыз) АЕК-тен аспайды;
3) қатысудың 25 (жиырма бесінші) айынан бастап 36 (отыз алтыншы) айына дейін жалақы мөлшерінің 60 %-ын құрайды, бірақ 30 (отыз) АЕК-тен аспайды.
«Күміс жас» жобасына қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген зейнеткерлік жасқа толмаған адамды кемінде 1 жыл мерзімге, ал зейнеталды жастағы адамды зейнеткерлікке шыққанға дейін тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастыру көзделді.