Мансап орталықтары ұйымдастыратын, жұмыскерлердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, олардың уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік пайдалы бағыттағы еңбек қызметінің түрлері.
Қоғамдық жұмыстарға 16 жастан бастап ҚР Әлеуметтік Кодекстің 207 бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін қатысуға болады. Оған:
- жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар;
- оқудан бос уақытта студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарда;
- өндірістің тоқтап тұруына байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар қатысады.
Жалақы мөлшері 30 АЕК-тен төмен емес мөлшерінде белгіленді, ұзақтығы 12 айдан аспайды.