Микрокредиттер қандай жағдайда берілмейді?
Микрокредиттер бойынша келесі мақсаттарды қаржыландыруға тыйым салынады:
- жылжымайтын тұрғын мүлікті (оның ішінде малшыларға арналған уақытша/тұрақты тұрғын үйлерді) сатып алу, салу немесе жөндеу, жер учаскелерін сатып алу (кез-келген нысаналы мақсатпен);
- бағалы қағаздарды сатып алу (портфельдік инвестициялар);
- қаруды (оның ішінде қару өндіруге арналған құрамдас бөліктерді), құрамында есірткі бар заттарды немесе азаматтық айналымнан алынған басқа да мүлікті өндіру немесе сатып алу;
- ойын бизнесін ұйымдастыру және (немесе) дамыту;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған террористік және кез-келген осымен байланысты өзге де қызметті;
- моторлы көлік құралдарын шығаруды және өз өндірісіндегі жүзімнен шарап өндіруді, сондай-ақ темекі жән/немесе алкоголь өнімдерін сатып алуды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығару;
- кредиторлық берешекті өтеуге;
- бизнесті жүргізуге байланысты емес жеке тұтынушылық мақсаттар.