Микрокредиттерді қалай алуға болады?

    ·
    Сұрақ

    Микрокредиттерді қалай алуға болады?

    Жауап

    Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу бағытында жастарға микрокредит 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі 7 жылға дейін 2,5 пайыздық жеңілдікпен беріледі.

    Микрокредиттің ең жоғары сомасы - 5 миллион теңгеге дейін.

    Кепіл болуы міндетті. Кепілге жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік жатады (жер учаскелері, пәтер, тұрғый үй, ғимарат (здания), құрылғы (сооружения), көлік, арнайы техника, екінші деңгейдегі банктардың есеп шоттарындағы қаражаттар және т.б.).

    Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең микрокредит беру мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды.

    Микрокредитті 21 жылдан 35 жасқа дейіңгі жастар және дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі бес жылдан аз кәсіпкерлер ала алады.

    Микрокредит беру үшін үміткердің жасы құжаттарды тапсыру сәтінде ескеріледі.

    Микрокредит алу үшін үміткерлер сенім білдірілген өкілге (агентке) тиісті құжаттарды ұсынады. Сенім білдірілген өкілге (агентке) микрокредит алу үшін жүгінген сәтте дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі бес жылдан аз кәсіпкерлер бола алады.

    Сенім білдірілген өкіл түскен құжаттарды жан-жақты тексеріп және олардың микрокредит беру талаптарына сәйкестігімен ұсынылған бизнес жобаға бағалау жүргізеді.

    Микрокредиттерді беру мақсатында бизнес-жобаларды іріктеу үшін құжаттар облыстық конкурстық комиссияға ұсынылады. Комиссия шешімімен бизнес-жобаларды қорғау нәтижесімен оң баға берілген жағдайда микрокредиттер беріледі.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Микрокредиттер қандай жағдайда берілмейді?

    Жауап

    Микрокредиттер бойынша келесі мақсаттарды қаржыландыруға тыйым салынады: жылжымайтын тұрғын мүлікті (оның ішінде малшыларға арналған уақытша/тұрақты тұрғын үйлерді) сатып алу, салу немесе жөндеу, жер учаскелерін сатып алу (кез-келген нысаналы мақсатпен); бағалы қағаздарды сатып а...

    ·
    Сұрақ

    Қайтарымсыз мемлекеттік гранттар кімдерге арналған?

    Жауап

    Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы адамдарға конкурстық негізде 400 еселенген айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне дейін беріледі. Гранттар 1) атаулы әлеуметтік көмек алушылар; 2) төрт және одан да көп бірге тұратын к...

    ·
    Сұрақ

    Ұрпақтар келісім-шарты жобасына қатысу мүмкіндіктері?

    Жауап

    Оқу орындарының жұмыссыз түлектерін өздері алған кәсібі (мамандығы) бойынша немесе ұлттық кәсіптер сыныптауышында қызметтің осы тобына жататын ұқсас кәсіп (мамандық) бойынша жұмысқа орналастырып, кейіннен бағытталған ҚР Әлеуметтік Кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген зе...

    ·
    Сұрақ

    Күміс жас жобасы қандай жастағы азаматтарға арналған?

    Жауап

    50 жастан асқан жұмыссыз адамдар «Күміс жас» жобасына қатысушылар болып табылады, олардың арасында зейнеткерлiк жас алдындағы (зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған) адамдарға басымдық беріледі. Жобаға қатысу мерзімі: 36 айдан аспайды. Жалақы мөлшері: 1) қатысудың бірінші 12 (он е...

    ·
    Сұрақ

    Қоғамдық жұмыс бұл қандай шара?

    Жауап

    Мансап орталықтары ұйымдастыратын, жұмыскерлердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, олардың уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік пайдалы бағыттағы еңбек қызметінің түрлері. Қоғамдық жұмыстарға 16 жастан бастап ҚР Әлеуметтік Кодекстің 207 бабының 1-тар...

    ·
    Сұрақ

    Алғашқы жұмыс орны жобасы бұл қандай жоба?

    Жауап

    Алғаш жұмыс іздеп жүрген жұмыссыздарға, оның ішінде NEET санатындағы жастарға жұмыс орнын және қажетті еңбек дағдыларын беруге бағытталған жоба. Жалақы мөлшері 30 АЕК-тен төмен емес мөлшерінде белгіленді, ұзақтығы 18 айдан аспайды.

    ·
    Сұрақ

    Жастар практикасына кім қатыса алады?

    Жауап

    Кәсіптік- техникалық, жоғары оқу орындарын аяқтаған жастар үшін меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында жастар практикасы қарастырылған. Еңбек қызметінің түрі: алдыңғы 5 жыл ішінде оқуын аяқтаған жұмыссыздарға арналған; меңгерген кәсіп...

    ·
    Сұрақ

    Жұмыссыз азамат жұмыссыздыққа қалай тіркеледі?

    Жауап

    Жұмыссыз азамат жұмыссыздық есебіне тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына барып тіркелуге немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы тіркеле алады. Сонымен бірге, enbek.kz порталы арқылы үйден шықпай онлайн форматта тіркеліп, мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік...

    ·