
Нсанбаев Серік Бағытжанұлы
Индер ауданының әкімі
Серік Нсанбаев 1980 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «құқықтану» мамандығын тәмәмдаған.
Индер ауданының әкімдігі басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

Индер ауданының әкімі
Серік Нсанбаев 1980 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «құқықтану» мамандығын тәмәмдаған.

Аудан әкімінің орынбасары
Шахметов Фархат Кенжебекұлы - 1989 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. 2011 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінінің «экономика және бизнес» мамандығын тәмәмдаған. Қазақ Гуманитарлық заң университетінің «қаржы және экономика» магистрі.

Аппарат басшысы
Сансызбаев Айболат Саламатұлы 1993 жылы 21 ақпанда Атырау облысы Индер ауданы Индербор кентінде дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі-жоғары. Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің «Технология және Биоресурстар» факультетін және Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «Мемлекеттік қызмет және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген

Әдеп жөніндегі уәкіл
Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін (бұдан әрі-әдеп кодексі) бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші.

Атырау облысы Индер аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы
Үсенқызы Ардақ - 1991 жылы 18 қыркүйекте Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кентінде дүниеге келген. Ұлты - қазақ. Білімі – жоғары. 2014 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Кадастр» мамандығы бойынша бітірген. Отбасылы. «Нұр Отан» партиясының мүшесі

Атырау облысы Индер аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы
Ділмұқашева Орынша Матайқызы - 1972 жылы 27 тамызда Атырау облысы, Индер ауданы, Бөдене селосында дүниеге келген. Ұлты - қазақ. Білімі - жоғары, 1994 жылы Атырау педагогикалық институтын «қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. Отбасылы, "Nur Otan" партиясының мүшесі.

Атырау облысы Индер аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы
Үмітқалиева Айгүл Аралбайқызы 1977 жылы 25 қаңтарда Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кентінде дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 1999 жылы – М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Маркетинг и коммерция» мамандығы бойынша бітірген.

Атырау облысы Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы
Құсайынов Мәмбетқали Жолдасқалиұлы - 1964 жылы 7 қазанда Атырау облысы Индер ауданы Көктоғай ауылында дүниеге келген. Білімі - жоғары, 1989 жылы Батыс-Қазақстан ауыл шаруашылық институтын «Агрономия» мамандығы бойынша аяқтаған. Отбасылы

Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
Тілепқалиева Жеміс Базарғалиқызы 1974 жылы 20 қаңтарда Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген. 1996 жылы Батыс Қазақстан Гуманитарлық университетін бітірген.

Атырау облысы Индер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы
Серікқалиева Ажар Жалғасқызы 1965 жылы 08 маусымда Атырау (Гурьев) облысы, Индер ауданы, Кулагино селосында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі жоғары. 2005 жылы Орал қаласының еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын «экономист» мамандығы бойынша бітірген. Отбасылы, «Нұр Отан» париясының мүшесі.

Атырау облысы Индер аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы
Қонасова Гүлмира Әмірғалиқызы Атырау облысы Индер ауданы Есбол селосында 1965 жылы 19 қазанда дүниеге келген.

Атырау облысы Индер аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы
Дюсубалиева Анаргуль Бактыгалиевна - 1981 жылы 09 қыркүйекте Атырау (Гурьев) облысы, Балықшы ауданы, Тасқала селосында дүниеге келген. Ұлты - қазақ. Білімі - жоғары, 2003 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Отбасылы.

Индер аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы
Габбасов Шапағат Ахметхамбарұлы 1985 жылы 05 сәуірде Атырау облысы, Индер ауданы, Көктоғай ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 2006 жылы – Мемлекеттік Атырау мұнай және газ институтын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.

Индер аудандық құрылыс бөлімі
Ілиясов Дарын Ілиясұлы 1995 жылы 5 қаңтарда Атырау облысы, Индер ауданы, Есбол ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. Алматы қаласындағы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының «Құрылыс» мамандығы және Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша бітірген.

Атырау облысы Индер ауданы Индербор кентінің әкімі
Алмурзиев Шалқар Болатұлы – 1988 жылы 07 қаңтарда Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кентінде дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі - жоғары, 2009 жылы – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университиетін «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы, 2012 жылы – Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Экономика и бизнес» мамандығы бойынша бітірген. Отбасылы.

Атырау облысы Индер ауданы Елтай ауылдық округінің әкімі
Сариев Дулатбай Абатұлы 1980 жылы 24 желтоқсан күні Атырау облысы, Индер ауданы, Елтай ауылында дүниеге келген. Ұлты - қазақ. Білімі – жоғары, 2003 жылы Қазақстан экономика және құқық институтын «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Отбасылы, «Nur Otan» партиясының мүшесі

Атырау облысы Индер ауданы Бөдене ауылдық округінің әкімі
Мерғалиева Шырай Төлеуғалиқызы 1976 жылы 10 қарашада Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақала поселкесінде дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары 1998 жылы Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан өнер институтын «Кітапхана тану және библиография» мамандығын, 2019 жылы - Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

Атырау облысы Индер ауданы Есбол ауылдық округінің әкімі
Тілекқабыл Асхат Төлешұлы 1966 жылы 17 наурызында Атырау облысы, Индер ауданы, Жарсуат ауылында дүниеге келген. 1973- 1983 жылдар аралығында Индер ауданы, Есбол ауылында орналасқан Жамбыл атындағы орта мектепте оқып, орта білім алып шыққан. 1983- 1990 жылдар аралығындаы Орал педагогикалық институтында жоғары білім алып тарих және қоғамдық пәндердің мұғалімі, мектептен тыс тәрбие істерінің методисі мамандығы бойынша бітірген. 1984-1986 жылдар аралығында, Украина елінде Кеңес Армиясының қатарында Отан алдындағы борышын өтеп келді. Отбасылы, жолдасы Тілекқабыл Нарни Абдоллақызы 10.11.1969 жылы Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Полтавка ауылында дүниеге келген. 5 баласы бар.

Атырау облысы Индер ауданы Жарсуат ауылдық округінің әкімі
Бөкеев Ербол Ержанұлы - 1962 жылы 3 қазанда Атырау облысы Индер ауданы Жарсуат ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Батыс-Қазақстан ауылшаруашылық институтын «Зоотехния», 2016 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Ветеринариялық медицина» мамандықтары бойынша аяқтаған. Отбасылы.

Атырау облысы Индер ауданы Көктоғай ауылдық округінің әкімі
Табылдиев Қайрат Мұратұлы 1987 жылы 23 сәуірде Атырау облысы, Индер ауданы, Көктоғай ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары «Amanat» партиясының мүшесі. 2008 жылы – Атырау мұнай және газ институтын «Геология және пайдалы қазбалар орындарын барлау» мамандығы бойынша, 2011 жылы– Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Атырау облысы Индер ауданы Өрлік ауылдық округінің әкімі
Қаженов Мұратбек Ермекұлы - 1979 жылы 21 қаңтарда Атырау облысы, Индер ауданы, Өрлік ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі - жоғары, 2015 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Жергілікті және мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Индер аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы
Сагингалиев Даурен Аманбекұлы 1991 жылы 12 қаңтарда Атырау облысы Индер ауданы Индербор кентінде дүниеге келген. Білімі жоғары. 2010-2013 жж. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін және 2016-2018 жж. Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Атырау облысы Индер аудандық мәслихат төрағасы
Рамазанов Абзал Меңдіқұлұлы 1978 жылы 20 қарашада Атырау облысы, Индер ауданы, Есбол ауылында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі-жоғары, 2002 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік аграрлық университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.