
Рамазанов Абзал Меңдіқұлұлы
Атырау облысы Индер аудандық мәслихат төрағасы
Өмірбаян
Рамазанов Абзал Меңдіқұлұлы
1978 жылы 20 қарашада Атырау облысы, Индер ауданы, Есбол ауылында дүниеге келген. Ұлты-қазақ.
Білімі-жоғары, 2002 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік аграрлық университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1995 жылы «Атырау Сушар» су шаруашылығы мекемесінде жөндеуші қызметінен бастаған.
2003-2004 жылдары Индербор кенті әкімі аппаратының бас есепшісі, Индер аудандық күрделі құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас есепшісі;
2005-2019 жылдары аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің инспекторы, бас маманы, бөлім басшысы;
2019 жылдан күні бүгінге дейін Есбол ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды.
Отбасылы.
«Amanat» партиясының мүшесі.





