
Габбасов Шапағат Ахметхамбарұлы
Индер аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Габбасов Шапағат Ахметхамбарұлы 1985 жылы 05 сәуірде Атырау облысы, Индер ауданы, Көктоғай ауылында дүниеге келген.
Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.
2006 жылы – Мемлекеттік Атырау мұнай және газ институтын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2007-2010 жылдары – «Қазақстанның халық банкі» АҚ менеджерінен бастаған.
2011-2013 жылдары – «Каспиан Марин Сервисес» ЖШС және «Стам Газ Строй» ЖШС стропальщик;
2014-2018 жылдары – Көктоғай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы;
2018-2023 жылдары – Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде сектор меңгеруші, бас маман;
2023 жылдың наурыз-шілде айлары аралығында Индербор кенті әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.
2023 жылдың шілдесінен бастап Индер ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы қызметін атқарады





