
Ділмұқашева Орынша Матайқызы
Атырау облысы Индер аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Ділмұқашева Орынша Матайқызы - 1972 жылы 27 тамызда Атырау облысы, Индер ауданы, Бөдене селосында дүниеге келген. Ұлты - қазақ. Білімі - жоғары, 1994 жылы Атырау педагогикалық институтын «қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
Отбасылы, "Nur Otan" партиясының мүшесі.
Еңбек жолын 1994 жылы Индер аудандық білім беру бөлімінің С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қызметінен бастаған.
«2003-2008 жж Индер аудандық білім беру бөлімінің «Көктем» қазақ орта мектебінде директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, 2008 жылдың қарашасынан2019 жылдың шілдесіне дейін аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің «Көктем» қазақ орта мектебінде мектеп директоры қызметін атқарды. Индер ауданы әкімінің 2019 жылдың 26шілдедегі өкімімен Индер аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.





