
Өмірбаян
Серік Нсанбаев 1980 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «құқықтану» мамандығын тәмәмдаған.
Еңбек өтілі:
2003-2008 жылдар аралығында Атырау қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық және әскери жұмылдыру жұмыс бөлімінің бас маманы;
2008-2017 жылдар аралығында Атырау қалалық әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы;
2017-2022 жылдар аралығында Атырау қаласы әкімі аппаратының басшысы;
2022 жылдан тағайындалғанға дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары лауазымында болды.

