Тілекқабыл Асхат Төлешұлы

    Атырау облысы Индер ауданы Есбол ауылдық округінің әкімі

    Тілекқабыл Асхат Төлешұлы
    Аким

    Тілекқабыл Асхат Төлешұлы

    Атырау облысы Индер ауданы Есбол ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    Тілекқабыл Асхат Төлешұлы 1966 жылы 17 наурызында Атырау облысы, Индер ауданы, Жарсуат ауылында дүниеге келген.

    1973- 1983 жылдар аралығында Индер ауданы, Есбол ауылында орналасқан Жамбыл атындағы орта мектепте оқып, орта білім алып шыққан.

    1983- 1990 жылдар аралығындаы Орал педагогикалық институтында жоғары білім алып тарих және қоғамдық пәндердің мұғалімі, мектептен тыс тәрбие істерінің методисі мамандығы бойынша бітірген.

    1984-1986 жылдар аралығында, Украина елінде Кеңес Армиясының қатарында Отан алдындағы борышын өтеп келді.

    Отбасылы, жолдасы Тілекқабыл Нарни Абдоллақызы 10.11.1969 жылы Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Полтавка ауылында дүниеге келген. 5 баласы бар.

    1990 жылдан бастап Индербор кентінде орналасқан М.Әуезов атындағы мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып тағайындалған.

    1994 жылы сол мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды.

    1996 жылы Индер аудандық ішкі істер бөліміне учаскелік полиция инспекторы қызметіне ауысқан.

    2004 жылы жасап жүрген қызметінен, өз еркімен босап, сол жылы Есбол ауылында орналасқан Жамбыл атындағы орта мектепке директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалған.

    2005 жылы Кулагино ұлттық гимназия директоры болып тағайындалып, 2017 жылдың желтоқсанында дейін сол жерде қызмет атқарды.

    2017- 2023 жылдар аралығында Есбол орта мектебіне директор қызметін атқарды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері