Қызметкерлер — Арыс қаласының мәслихаты

    Арыс қаласының мәслихаты басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    2
    АХМЕТОВ ҚАЙРАТ ТӨРЕГЕЛДІҰЛЫ
    Мәслихатының төрағасы

    АХМЕТОВ ҚАЙРАТ ТӨРЕГЕЛДІҰЛЫ

    Мәслихат төрағасы

    Ахметов Қайрат Төрегелдіұлы 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында туылған. 1996 жылы Шымкент автожол техникумын автожол механигі және 2005 жылы Алматы экономика және статистика академиясын экономист бакалавры мамандығы бойынша бітірді.

    Сыдыхов Мейірхан Бұрханұлы
    Аппарат басшысы

    Сыдыхов Мейірхан Бұрханұлы

    Аппарат басшысы

    1966 жылы 11 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданы, Бадам стансасында дүниеге келген. Білімі - жоғары. 1994 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы мамандығы бойынша бітірді.

    Басқа қызметкерлер

    16
    Джунсов Рүстем Төлбайұлы
    Бөлім басшысы

    Джунсов Рүстем Төлбайұлы

    Тұрақты комиссиялар бөлімінің басшысы

    1973 жылы 17 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында дүниеге келген. Білімі - жоғары. 1995 жылы Алматы мемлекеттік университетін тарих және мемлекеттік құқық оқытушысы және 2005 жылы Қазақ мемлекеттік Заң академиясының жанындағы мемлекеттік қызмет институтын «заңгер, мемлекеттік қызмет саласындағы маман» мамандығы бойынша бітірді.

    Дандаева Ляззат Маратқызы
    Бас маман

    Дандаева Ляззат Маратқызы

    Тұрақты комиссиялар бөлімінің бас маман-заңгері

    1980 жылы 12 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында дүниеге келген. Білімі - жоғары. 2001 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университетін құқықтану, заңгер мамандығы бойынша бітірді.

    Сәдешова Жибек Аманкуловна
    Бас маман

    Сәдешова Жибек Аманкуловна

    Қалалық мәслихат аппаратының бас маман - бас есепшісі

    1967 жылы 26 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданында дүниеге келген. Білімі - жоғары. 1991 жылы Семей қаржы-экономикалық техникумын қаржыгер және 2005 жылы Қарағанды экономикалық университетін Қаржы және несие мамандығы бойынша бітірді.

    Ботабаев Заңғар Жамбырбайұлы
    Бас маман

    Ботабаев Заңғар Жамбырбайұлы

    Тұрақты комиссиялар бөлімінің бас маманы

    1983 жылы 13 қаңтарда Шымкент қаласында дүниеге келген. Білімі - жоғары. 2004 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін экономист – маркетолог және 2013 жылы Шымкент университетін құқықтану, құқық бакалавры мамандығы бойынша бітірді.

    ШҮКІРБЕКОВ АЛМАС МОМЫНҰЛЫ
    Мәслихат депутат

    ШҮКІРБЕКОВ АЛМАС МОМЫНҰЛЫ

    №2 САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША АРЫС ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

    Шүкірбеков Алмас Момынұлы 1989 жылы 23 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында дүниеге келген. 1995 жылы Арыс қаласындағы Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінің 1- сыныбына қабылданып, 2003 жылы 9 - сыныпты аяқтаған. 2004-2007 жылдары Шымкент қаласындағы Генерал - майор Сабыр Рахымов атындағы Республикалық әскери - мектеп интернатында білім алған. 2007-2008 жылдары Алматы облысы, Ұзынағаш станциясы №28237 ТЖМ әскери бөлімінде азаматтық борышын өтеген. Алғашқы еңбек жолын 2009 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы, ҚР ҰҚК Шекара қызметі «АУХАТТЫ» кеден бекетінде бақылаушы болып бастаған. 2010-2012 жылдары Қарағанды қаласында «Қарағанды көркем» ЖШС-гінде құрылысшы болып еңбек жолын жалғастырған.2012 жылы Алмас Момынұлы «Лидер-НС Строй» ЖШС-гін құрып, бүгінгі таңға дейін директор қызметін абыроймен атқарып келеді. «Лидер-НС Строй» ЖШС-гі Түркістан облысында құрылыс саласының қарқында дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Атап айтқанда: келесі ірі нысандардың құрылыс монтаждау жұмыстарын жүргізген: - «Түркістан қаласының Б. Саттарханов көшесі бойында желілік парк салу (3-кезең, 4-учаске); - «Түркістан қаласының Б. Саттарханов көшесі бойында желілік парк салу (3-кезең) 5-учаске); - «Түркістан қаласының жаңа шағын ауданына инженерлік инфрақұрылым салу (98 га құрылыс салуды реттеу аймағы, көше және абаттандыру)» жұмыстары; - «Түркістан облысы, Түркістан қаласының Әкімшілік іскерлік орталық №9 көшесі бойынша 9-12 қабатты 32 тұрғын үйдің инженерлік инфрақұрылымын салу (абаттандыру, сыртқы желілер, сумен жабдықтау, кәріз, байланыс және электр жүйелері)» жұмыстары; - Түркістан облысы, Арыс қаласының көшелерін жарықтандыру жұмыстары; «Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Алатау а/о Қайнар елді мекенінде 200 орындық мектептің құрылыс жұмыстарын және Шымкент, Қарағанды қалаларында көшелерді жарықтандыру және абаттандыру бойынша монтаждау жұмыстарын жүргізген.2020 жылдан бастап, Арыс қаласында «Мүбарак-АГРО» ЖШС-гін құрып, мал басын асылдандыру бағытында 200 000 000 (екі жүз миллион) теңге көлемінде инвестиция тартып, жылқы және асыл тұқымды қой шаруашылығымен айналысуда. Марапаттары: Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, қалалардың көркейіп абаттануына және құрылыс саласына қосқан елеулі еңбектері ескеріліп, Алмас Момынұлы Оңтүстік Қазақстан облысы (Түркістан облысы) және Шымкент қаласы әкімінің Грамоталарымен, алғыс хаттарымен, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің Құрмет Грамотасымен, Арыс қаласы әкімінің «Арыс қаласының дамуына қосқан үлесі үшін» мерекелік медалімен марапатталған. Отбасылы, жұбайы екеуі үш ұл-қыз тәрбиелеп өсіруде.

    БАЙТАНАЕВ АМАНТАЙ АЛТЫНБЕКҰЛЫ
    Қызметкерлер

    БАЙТАНАЕВ АМАНТАЙ АЛТЫНБЕКҰЛЫ

    №4 САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША АРЫС ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

    Байтанаев Амантай Алтынбекұлы 1970 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында туылған. 1996 жылы Алматы теміржол транспорт инженерлері институтын инженер – электромеханик және 2012 жылы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық институтын педагогика және психология бакалавры мамандығы бойынша бітірді.

    КЕНЖЕБЕКОВ АСХАТ ӘДІЛҰЛЫ
    Мәслихат депутат

    КЕНЖЕБЕКОВ АСХАТ ӘДІЛҰЛЫ

    №9 САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША САЙЛАНҒАН АРЫС ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ КЕНЖЕБЕКОВ АСХАТ ӘДІЛҰЛЫ

    Кенжебеков Асхат Әділұлы, 1984 жылы 6 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Қараспан ауылында дүниеге келдім. 1991-2001 жылдары орта мектепті бітіріп, 2001 жылы ҚА.Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университетіне түсіп, 2005 жылы бастапқы әскери дайындық және денешынықтыру мамандығы бойынша бітіріп шықтым. Еңбек жолымды 2005-2006 жылдары ОҚО Арыс қаласындағы «Балалар және жасөспірімдер спорт бөлімінде» бас маман міндетін уақытша атқарушы болып бастадым. 2006-2021 жылдар аралығында Арыс қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінде бас маман, аталған бөлімде бөлім басшысы қызметтерін атқардым. 2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Арыс қаласының «Ұлттық және жекпе-жек спорт түрлері, аула клубы» КММ-де директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарудамын. «AMANAT» партиясының мүшесімін. «Дене шынықтыру және спорт саласына қосқан үлесі үшін» және «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталғанмын. Отбасылымын, 1 ұл, 3 қыз тәрбиелеп отырмын.

    КЕНЖЕБЕКОВ СЕЙЛХАН ҚОНЫСБЕКҰЛЫ
    Мәслихат депутат

    КЕНЖЕБЕКОВ СЕЙЛХАН ҚОНЫСБЕКҰЛЫ

    №8 САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША АРЫС ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

    Кенжебеков Сейілхан Қонысбекұлы 1977 жылы 19 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында көпбалалы отбасында дүниеге келді. 1984 жылы Арыс қаласындағы С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебіне қабылданып, 1994 жылы осы мектепті аяқтады. Білімі: орта. Қазіргі уақытта мал шаруашылығымен, мал өсіру, бордақылау ісімен айналысуда. Арыс қалалық мәслихатының VIII шақырылым депутаты. «AMANAT» партиясының мүшесі. Марапаттары: Арыс қаласы әкімінің «Арыс қаласының дамуына қосқан үлесі үшін» мерекелік медалімен, Арыс қалалық мәслихатының Грамотасымен, Арыс қаласы әкімінің Алғыс хаттарымен, Түркістан облыстық «Көкпар Федерациясы» қоғамдық бірлестігінің арнайы Алғыс хаттарымен, төс белгісімен, Арыс қаласы Білім бөлімінің Дипломымен марапатталып, бірнеше рет қалалық, аудандық басылымдарда еңбектері еленіп, Халық игілігі үшін жасаған қызметтері мақала аясында жарияланған. Отбасылы: Жұбайы Айгүл Өсерқызымен 3 ұл 3 қыз тәрбиелеп өсіруде.

    ДЕПУТАТТАР
    ИБРАГИМОВ НҰРЖАН ДЖАНБЫРБАЕВИЧ
    Мәслихат депутат

    ИБРАГИМОВ НҰРЖАН ДЖАНБЫРБАЕВИЧ

    №5 САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША АРЫС ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

    Ибрагимов Нұржан Джанбырбаевич, 1986 жылы 13 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында дүниеге келген. 1992 жылы Ә. Жангелдин атындағы жалпы орта мектеп талабдырығын аттап, 2003 жылы М.Әуезов атындағы мектеп гимназиясын аяқтаған. 2003 жылы Шымкент университетіне заңгер мамандығына оқуға түсіп, 2008 жылы заңтану мамандығын алып шыққан. 2008 жылы Алматы қаласындағы М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясына қабылданып, көлік, көлік техникасы және технологиялары мамандығын 2010 жылы алып шықты. Алғаш еңбек жолын 2005 жылы Арыс пайдалану вагон депосының 3-ші разрядтағы слесары болып бастады. 2008-2009 жылы Түркістан станциясында вагон шебері, 2009-2010 жылы Шымкент станциясында вагон шебері, 2010-2019 жылдар аралығында Арыс станциясында ағымдағы вагондарды жөндеу пунктінде шебер қызметін атқарған. 2019-2020 жылы Арыс станциясында Техникалық қызмет көрсету пунктінің бастығы, 2020-2023 жылдар аралығында «ТемірТранс Сервис» ЖШС Шымкент бөлімінің директоры, 2023 жылдан бастап «Центр Вагонного Парка» ЖШС-гі Шымкент бөлімінің директоры болып қызмет атқаруда. Арыс қалалық мәслихатының VIII шақырылым депутаты. «Aқ жол» партиясының мүшесі. Марапаттары: «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамының құрмет грамотасымен, қалалық әкімдіктің алғыс хаттарымен марапатталған. Отбасылы. Жұбайы Гүлбану Ерболатқызы екеуі 4 ұл-қызды тәрбиелеп өсіруде.

    МОМБЕКОВА САПАРКҮЛ ТІЛДАНҚЫЗЫ
    Мәслихат депутат

    МОМБЕКОВА САПАРКҮЛ ТІЛДАНҚЫЗЫ

    №1 САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША АРЫС ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

    Момбекова Сапаркүл Тілданқызы 1972 жылы 10 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында дүниеге келген.1979-1989 жылдары Арыс қаласындағы С.Қожанов атындағы қазақ орта мектебін бітірген. 1989-1993 жылдары Тараз қаласындағы Әулие Ата университетінде білім алып, «экономист» маманығы бойынша бітіріп шыққан. 1995 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысуда. 2001 жылы Арыс қаласында «Азамат» моншасын, 2008 жылы «Арыс» жанар-жағар май бекетін, 2011 жылы «Қызмет» базарын, 2016 жылы «Асылай» мейрамханасын ашқан белгілі кәсіпкер. 2003-2007 жылдары Арыс қалалық мәслихатының ІІІ шақырылым депутаты, бюджет және экономикалық – әлеуметтік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі болған. «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы жанындағы Арыс қалалық Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі. Арыс қалалық мәслихатының VIII шақырылым депутаты. «AMANAT» партиясының мүшесі. Марапаттары: Республикалық «Ұстаз жолы» қоғамдық қорының шешімімен жас ұрпақты тәрбиелеу жолында, даңғыл жолдан даралана көш бастайтын еліне елеулі, халқына қалаулы азаматтарды жетілдіргені үшін «Ананың шапағаты» медалімен, облыстық, қалалық деңгейде бірнеше Грамоталармен, Алғыс хаттармен марапатталған. Отбасылы. Жұбайы Сарықұлов Бауыржанмен 2 қыз, 2 ұл тәрбиелеп өсіріп, одан 9 немере сүйіп отырған үлгілі отбасы.

    МЕДЕТБЕКОВ ЕРКАЗЫ МАКСИМХАНҰЛЫ
    Мәслихат депутат

    МЕДЕТБЕКОВ ЕРКАЗЫ МАКСИМХАНҰЛЫ

    № 6 САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША АРЫС ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

    Медетбеков Ерғазы Максимханұлы 1967 жылы 10 сәуiр күнi Арыс қаласында дүниеге келген. Қаладағы Ә.Жангелдин атындағы орта мектептi 1984 жылы бiтiрдi. Еңбек жолын 1984 жылдың қыркүйек айында спорт мектебiнде жаттықтырушы болып бастады. Әскери борышын өтеп келген соң 1987-1990 жылдары Шымкент гидромелиоративтiк техникумында оқыды. 2001 жылы Шымкент дене шынықтыру институтын «Жаттықтырушы» мамандығы бойынша бiтiрiп шықты. 1992-1993 жылдары Арыс қаласындағы Ә.Жангелдин атындағы мектепте мұғалiм болып қызмет атқарды.1990-1992 жылдары «СКИФ Ордабасы», 1994-1995 жылдары Алматыдағы «Намыс», 1996-2000 жылдары Өзбекстанның «Тұран», «Арал», Нукус қаласының кәсiби футбол клубтарында өнер көрсеттi. Екi жыл I-лигасында және екi жыл жоғары лигасында ойнады. 2001-2008 жылдары Арыс спорт мектебiнде, 2009-2010 жылдары Шымкент қаласындағы №7 мамандандырылған футбол мектебiнде аға жаттықтырушы болды. 2010 жылдың 27 желтоқсанынан бүгінгі таңға дейiн Арыс қаласы футбол және спорттық ойындар мектебiнiң директоры болып қызмет етуде. «AMANAT» партиясының мүшесі. Арыс қалалық мәслихатының V,VI, VII, VIII шақырылым депутаты. Марапаттары: «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл мерекелік медалдарымен, облыстық қалалық әкімдіктің және мәслихаттың құрмет грамоталарымен, 2021 жылы «Nur Otan» партиясы төрағасы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталған. Отбасылы. Жұбайы Венера екеуі екі ұл, екі қыз тәрбиелеп отыр.

    АҚТАЕВ НҰРБОЛ ҚАРСЫБАЙҰЛЫ
    Мәслихат депутат

    АҚТАЕВ НҰРБОЛ ҚАРСЫБАЙҰЛЫ

    №11 САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША АРЫС ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

    Ақтаев Нұрбол Қарсыбайұлы 1978 жылы 30 қарашада қазіргі Түркістан облысы, Арыс қаласы, Ақдала ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келді. 1985жылы Ақдала ауылындағы С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектебіне қабылданып, 1995 жылы осы мектепті аяқтады. Білімі орта. Қазіргі таңда мал және егін шаруашылығымен айналысуда. Арыс қалалық мәслихатының VIII шақырылым депутаты. Марапаттары: Арыс қаласы ауылшаруашылық бөілімінің алғыс хаттарымен марапатталған. Отбасылы. Жұбайы Акмарал Турлыбекқызымен 2 қыз, 2 ұл тәрбиелеп өсіруде.

    ТӨЛЕБЕКОВ МАХАНБЕТ ШАЛҚАРҰЛЫ
    Мәслихат депутат

    ТӨЛЕБЕКОВ МАХАНБЕТ ШАЛҚАРҰЛЫ

    №7 САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША АРЫС ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

    Төлебеков Маханбет Шалқарұлы 1958 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, бұрынғы «Ленин» ауданы, қазіргі Арыс ауданына қарасты Монтайтас ауылы, Ақтас елді мекенінде дүниеге келген. Жастайынан өнерге жақын ол мамандық таңдаудан жаңылмады. Жетісайдағы мəдени – ағарту училищесіне оқуға түскен. Өнердің қыр сырына біршама қаныққан М. Шалқарұлы білімін одан əрі жетілдіре түсу мақсатында Шымкенттегі Əл - Фараби атындағы мəдени педагогикалық институтының мəдени - ағарту жұмыстарын ұйымдастырушы факултетіне оқуға түсіп аталған оқу ордасын ойдағыдай бітіріп шықты.1975 жылдан бастап М.Төлебековтың нағыз өнер додасына түсіп, шыңдалар сəті басталды. Ленин аудандық мəдениет бөлімінде киномеханик, клуб меңгерушісі, мəдениет үйінің директоры, Б.Онтаев ЖОМ музыка пəнінің мұғалімі қызметтерін абыроймен атқарып, бірнеше еңбек сатыларынан өтті. 1995 жылы Арыс ауданы мəдениет бөлімінің меңгерушісі қызметіне арнайы шақыртумен келген М.Төлебековке жауапкершілік молынан жүктелді. Себебі, мəдениет саласының ақсап тұрған шағы еді. Бірақ, іскерлігі арқасында ол тұйықтан шығудың жолын тауып, Оңтүстік Қазақстан облысында тұңғыш рет өткізілген «Қоңыраулы қошақан» облыстық жасөспірімдер арасындағы əн-би байқауы М.Шалқарұлының басқаруымен Арыс жерінде дүркіреп өтті. Аталмыш конкурс күні бүгінге дейін өтеді. Ал 1999 жылы Арыс ауданынан «Арыс толқындары» телеарнасын ашып,халық көңілінен шықты. 2003 жылдан бастап М.Төлебековті өнердегі драмалық саласы шындап қызықтыра бастады. Жетекшілігімен дайындалған Ш.Айтматовтың «Қашқын» драмасы 2004 жылы облыстық драма үйірмелерінің байқауында І-орынды, ал 2005 жылы драма үйірмелерінің облыстық байқауында драматург Д.Исабековтің «Біз соғысты көрген жоқпыз» атты драмасы сəтті шығып, қанжығасына «Бас жүлдені» байлады. Сондай-ақ «Ауылым-алтын бесігім» облыстық байқауында да І-орын иемденді. 2006 жылдан Отырар ауданы Əль-Фараби мəдениет сарайына қызметке келгеннен бастап осы салада өз қолтаңбасы барын көрсетті. Ал 2007-2009 жылдар аралығында Отырар ауданындағы «Əль-фараби» телеарнасының директорлық қызметін абыроймен атқарды. 2009 – 2014 жылдары аралығында «Арыс толқындары» ЖШС телеарнасының директоры болып жұмыс жасады. Бүгінгі таңда «Арыс толқындары» ЖШС «ART TV» телеарнасы, «Шалқар шыңдары» республикалық ақпараттық-танымдық газетінің құрылтайшысы, Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі, ҚР Мəдениет қайраткері, 2014-2022 жылдары ОҚО, ТО Кəсіпкерлік палатасы Арыс қалалық филиалының директоры қызметін атқарды. Арыс қалалық мәслихатының VIII шақырылым депутаты. Марапаттары: ІІ - ші бүкілодақтық халық шығармашылығы фестивалінің лауреаты (1987); Қазақстан Республикасының “Мəдениет қайраткері” төс белгісі иегері (2011); “Қазақстан Республикасының Тəуелсіздігіне 20 жыл” мерекелік медалімен (2011); “Кəсіподаққа еңбегі сінген қызметкер” белгісімен (2013); “Армия генералы С.Қ. Нұрмағанбетов” медалімен (2014); Мемлекет басшысы Н.Ə.Назарбаевтың “ Алғыс хатымен” (2011,2015); Облыстық мəдениет басқармасының, Арыс қаласы əкімдерінің, Отырар аудандық мəслихатының, “Нұр Отан” ХДП аудандық филиалының “Алғыс хаттарымен”; ҚР “Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кəсіптік одағы” қоғамдық бірлестігінің “Құрмет грамотасымен” (2017); ҚР “Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кəсіптік одағы” қоғамдық бірлестігінің 1-ші дəрежелі “Еңбек даңқы” белгісімен (2018); ҚР “Атамекен” ҰКП “Құрмет грамотасымен” (2018); Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Қ.Тоқаевтың “Алғыс хаты” (2019); ҚР “Атамекен” ҰКП “Алғыс хатымен” (2019); 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 58/407 - VI шешімімен Арыс қаласының құрметті азаматы атағы берілді; ҚР “Атамекен” ҰКП “Адал еңбегі үшін” ІІІ-ші дəрежелі медалімен (2021) марапатталды. Отбасылы. Үш ұл, бір қыздың əкесі.

    ДІЛДӘБЕКОВ БАҚТЫҒАЛИ СӘРСЕНБЕКҰЛЫ
    Қызметкерлер

    ДІЛДӘБЕКОВ БАҚТЫҒАЛИ СӘРСЕНБЕКҰЛЫ

    №3 САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША АРЫС ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

    Ділдәбеков Бақтығали Сәрсенбекұлы, 1965 жылы 19 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданы, Ақдала кеңшарында дүниеге келген. 1972-1982 жылдары Ақдала кеңшарындағы С.Ерубаев атындағы орта мектепті бітіріп, 1982 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтының 1-ші курсына түскен. 1983 жылдың маусым айында әскер қатарына шақырылған. Әскери борышын Ақтөбе облысы Ембі-5 қаласындағы №34020 әскери бөлімде қызмет етіп, 1985 жылы маусым айында әскери қызметін аяқтаған. Осы жылы Алматы сәулет-құрылыс институтының 2-ші курсына қайта қабылданып, 1989 жылы шілде айында аталмыш оқу орнын бітіріп, құрылыс инженері мамандығын алып шыққан. 2006-2008 жылдары Халықаралық гуманитарлық техникалық университетінде құқықтану мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын 1989 жылы тамыз айынан Торғай облысы Арқалық қаласындағы «Тургайаллюминстрой» трестінің ірі панелді үй құрылысы басқармасында құрастырушы болып бастаған. Осы жылдың желтоқсан айында аталмыш трестің шағын механизациялау учаскесінде прораб қызметіне ауыстырылып, 1992 жылы сәуір айында мекен-жайын ауыстыруына байланысты, ОҚО Арыс қаласындағы «Наурыз» шағын кәсіпорнында құрылыс шебері болып жұмыс атқарған. 1993 жылдың тамыз айынан бастап 2016 жылға дейін Арыс қаласы әкімшілігінде аға диспетчер, қала әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінде инспектор, жалпы бөлім меңгерушісі, ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, қала әкімі аппаратының басшысы, қала әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2016-2020 жылдар аралығында №17 колледж директоры, 2020 жылдың қаңтар айынан тамыз айына дейін қала әкімінің кеңесшісі, 2020 жылдың тамыз айынан «Nur Otan» партиясы Арыс қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары , «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалының атқарушы хатшысы, «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалының төрағасы қызметтерін атқарып келеді. Арыс қалалық мәслихатының VIII шақырылым депутаты. «AMANAT» партиясының мүшесі. Марапаттары: «Қазақстан Қарулы Күштеріне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Астанаға 20 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл», «AMANAT» партиясының «Белсенді қызметі үшін» медальдарымен, «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» және «Еңбек Даңқы» төсбелгілерімен марапатталған. Отбасылы. Жұбайы Халима Ілиясқызымен 2 қыз, 2 ұл тәрбиелеп өсіруде.

    ӘЖЕНОВ ӘМІРХАН АМАНҚОЖАҰЛЫ
    Қызметкерлер

    ӘЖЕНОВ ӘМІРХАН АМАНҚОЖАҰЛЫ

    №13 САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША АРЫС ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

    Әженов Әмірхан Аманқожаұлы, 1981 жылы 27 қарашада Түркістан облысы, Арыс қаласы, Қожатоғай ауылдық округінде дүниеге келген. 1988-1999 жылдары орта мектепті бітіріп, 2002 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетіне жоғары оқу орнына түсіп, 2005 жылы есептеу техникасы мен автоматтандырылған жүйелерді бағдарламамен қамтамасыз ету мамандығын алып шыққан. Еңбек жолын 2017 жылы бастап, «Барыс Строй-2030» ЖШС-нің директоры қызметін атқаруда. Арыс қалалық мәслихатының VIII шақырылым депутаты. «AMANAT» партиясының мүшесі. Марапаттары: ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р.Склярдың, Атырау облысының әкімі Н.Ноғаевтың алғыс хаттарымен, түрлі медальдармен және Түркістан облысының бірқатар аудан, қала әкімдерінің, облыстық басқарма басшыларының гарамотасымен марапатталған. Отбасылы. Жұбайы Дина Мұхтарханқызы екеуі 4 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсіруде.

    САДЫҚБЕКОВ БАХТЫБЕК АҚЫЛБАЙҰЛЫ
    Мәслихат депутат

    САДЫҚБЕКОВ БАХТЫБЕК АҚЫЛБАЙҰЛЫ

    №10 САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША АРЫС ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

    САДЫҚБЕКОВ БАХТЫБЕК АҚЫЛБАЙҰЛЫ 1980 ЖЫЛЫ 1 ҚАҢТАРДА ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ, АРЫС ҚАЛАСЫ, “ЗАДАРЬЯ” ҚАРАКӨЛ ҚОЙ ЗАУЫТЫ СОВХОЗЫНДА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ. 1986 ЖЫЛЫ С.АДАМБЕКОВ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАП, 1997 ЖЫЛЫ БІТІРІП ШЫҚТЫ. 1998 ЖЫЛЫ «ҚАЙНАР» УНИВЕРСИТЕТІНЕ ТҮСІП, 2002 ЖЫЛЫ ОСЫ АТАЛҒАН ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫН «ЗАҢГЕР» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША БІТІРІП ШЫҚТЫ. 03 ЖЫЛДАН БАСТАП ЖЕКЕ КӘСІППЕН АЙНАЛЫСЫП КЕЛЕДІ. Арыс қалалық мәслихатының VIII шақырылым депутаты. «AMANAT» партиясының мүшесі. Марапаттары: АРЫС ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ АЛҒЫС ХАТТАРЫМЕН МАРАПАТТАЛҒАН. ОТБАСЫЛЫ. ЖҰБАЙЫ БИНУРА МАРАТҚЫЗЫ ЕКЕУІ ҮШ ҰЛ, ЕКІ ҚЫЗДЫ ТӘРБИЛЕП ӨСІРУДЕ.