
ИБРАГИМОВ НҰРЖАН ДЖАНБЫРБАЕВИЧ
№5 САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША АРЫС ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ
Өмірбаян
Ибрагимов Нұржан Джанбырбаевич, 1986 жылы 13 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында дүниеге келген. 1992 жылы Ә. Жангелдин атындағы жалпы орта мектеп талабдырығын аттап, 2003 жылы М.Әуезов атындағы мектеп гимназиясын аяқтаған. 2003 жылы Шымкент университетіне заңгер мамандығына оқуға түсіп, 2008 жылы заңтану мамандығын алып шыққан. 2008 жылы Алматы қаласындағы М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясына қабылданып, көлік, көлік техникасы және технологиялары мамандығын 2010 жылы алып шықты. Алғаш еңбек жолын 2005 жылы Арыс пайдалану вагон депосының 3-ші разрядтағы слесары болып бастады.
2008-2009 жылы Түркістан станциясында вагон шебері, 2009-2010 жылы Шымкент станциясында вагон шебері, 2010-2019 жылдар аралығында Арыс станциясында ағымдағы вагондарды жөндеу пунктінде шебер қызметін атқарған.
2019-2020 жылы Арыс станциясында Техникалық қызмет көрсету пунктінің бастығы, 2020-2023 жылдар аралығында «ТемірТранс Сервис» ЖШС Шымкент бөлімінің директоры, 2023 жылдан бастап «Центр Вагонного Парка» ЖШС-гі Шымкент бөлімінің директоры болып қызмет атқаруда.
Арыс қалалық мәслихатының VIII шақырылым депутаты.
«Aқ жол» партиясының мүшесі.
Марапаттары: «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамының құрмет грамотасымен, қалалық әкімдіктің алғыс хаттарымен марапатталған.
Отбасылы. Жұбайы Гүлбану Ерболатқызы екеуі 4 ұл-қызды тәрбиелеп өсіруде.





