ТӨЛЕБЕКОВ МАХАНБЕТ ШАЛҚАРҰЛЫ

    №7 САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША АРЫС ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

    ТӨЛЕБЕКОВ МАХАНБЕТ ШАЛҚАРҰЛЫ
    Депутат маслихата

    ТӨЛЕБЕКОВ МАХАНБЕТ ШАЛҚАРҰЛЫ

    №7 САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША АРЫС ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

    Өмірбаян

    Төлебеков Маханбет Шалқарұлы 1958 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, бұрынғы «Ленин» ауданы, қазіргі Арыс ауданына қарасты Монтайтас ауылы, Ақтас елді мекенінде дүниеге келген. Жастайынан өнерге жақын ол мамандық таңдаудан жаңылмады. Жетісайдағы мəдени – ағарту училищесіне оқуға түскен. Өнердің қыр сырына біршама қаныққан М. Шалқарұлы білімін одан əрі жетілдіре түсу мақсатында Шымкенттегі Əл - Фараби атындағы мəдени педагогикалық
    институтының мəдени - ағарту жұмыстарын ұйымдастырушы факултетіне оқуға түсіп аталған оқу ордасын ойдағыдай бітіріп шықты.1975 жылдан бастап М.Төлебековтың нағыз өнер додасына түсіп, шыңдалар сəті басталды. Ленин аудандық мəдениет бөлімінде киномеханик, клуб меңгерушісі, мəдениет үйінің директоры, Б.Онтаев ЖОМ музыка пəнінің мұғалімі қызметтерін абыроймен атқарып, бірнеше еңбек сатыларынан
    өтті. 1995 жылы Арыс ауданы мəдениет бөлімінің меңгерушісі қызметіне арнайы шақыртумен келген М.Төлебековке жауапкершілік молынан жүктелді. Себебі, мəдениет саласының ақсап тұрған шағы еді. Бірақ, іскерлігі арқасында ол тұйықтан шығудың жолын тауып, Оңтүстік Қазақстан облысында тұңғыш рет өткізілген «Қоңыраулы қошақан» облыстық жасөспірімдер арасындағы əн-би байқауы М.Шалқарұлының басқаруымен Арыс жерінде дүркіреп өтті. Аталмыш конкурс күні бүгінге дейін өтеді. Ал 1999 жылы Арыс ауданынан «Арыс толқындары» телеарнасын ашып,халық көңілінен шықты. 2003 жылдан бастап М.Төлебековті өнердегі драмалық саласы шындап қызықтыра бастады.Жетекшілігімен дайындалған Ш.Айтматовтың «Қашқын» драмасы 2004 жылы облыстық драма үйірмелерінің байқауында І-орынды, ал 2005 жылы драма үйірмелерінің облыстық байқауындадраматург Д.Исабековтің «Біз соғысты көрген жоқпыз» атты драмасы сəтті шығып, қанжығасына «Бас жүлдені» байлады. Сондай-ақ «Ауылым-алтын бесігім» облыстық байқауында да І-орын иемденді. 2006 жылдан Отырар ауданы Əль-Фараби мəдениет сарайына қызметке келгеннен бастап осы салада өз қолтаңбасы барын көрсетті. Ал 2007-2009 жылдар аралығында Отырар ауданындағы
    «Əль-фараби» телеарнасының директорлық қызметін абыроймен атқарды. 2009 – 2014 жылдары аралығында «Арыс толқындары» ЖШС телеарнасының директоры болып жұмыс жасады. Бүгінгі таңда «Арыс толқындары» ЖШС «ART TV» телеарнасы, «Шалқар шыңдары» республикалық ақпараттық-танымдық газетінің құрылтайшысы, Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі, ҚР Мəдениет қайраткері, 2014-2022 жылдары ОҚО, ТО Кəсіпкерлік палатасы Арыс
    қалалық филиалының директоры қызметін атқарды. Арыс қалалық мәслихатының VIII шақырылым депутаты. Марапаттары: ІІ - ші бүкілодақтық халық шығармашылығы фестивалінің лауреаты (1987);
    Қазақстан Республикасының “Мəдениет қайраткері” төс белгісі иегері (2011);
    “Қазақстан Республикасының Тəуелсіздігіне 20 жыл” мерекелік медалімен (2011);
    “Кəсіподаққа еңбегі сінген қызметкер” белгісімен (2013);
    “Армия генералы С.Қ. Нұрмағанбетов” медалімен (2014);
    Мемлекет басшысы Н.Ə.Назарбаевтың “ Алғыс хатымен” (2011,2015);
    Облыстық мəдениет басқармасының, Арыс қаласы əкімдерінің, Отырар аудандық мəслихатының, “Нұр Отан” ХДП аудандық филиалының “Алғыс хаттарымен”;
    ҚР “Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кəсіптік одағы” қоғамдық
    бірлестігінің “Құрмет грамотасымен” (2017);
    ҚР “Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кəсіптік одағы” қоғамдық
    бірлестігінің 1-ші дəрежелі “Еңбек даңқы” белгісімен (2018);
    ҚР “Атамекен” ҰКП “Құрмет грамотасымен” (2018);
    Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Қ.Тоқаевтың “Алғыс хаты” (2019);
    ҚР “Атамекен” ҰКП “Алғыс хатымен” (2019);
    2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 58/407 - VI шешімімен Арыс қаласының құрметті азаматы атағы берілді;
    ҚР “Атамекен” ҰКП “Адал еңбегі үшін” ІІІ-ші дəрежелі медалімен (2021) марапатталды. Отбасылы. Үш ұл, бір қыздың əкесі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері