
ШҮКІРБЕКОВ АЛМАС МОМЫНҰЛЫ
№2 САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША АРЫС ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ
Өмірбаян
Шүкірбеков Алмас Момынұлы 1989 жылы 23 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында дүниеге келген. 1995 жылы Арыс қаласындағы Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінің 1- сыныбына қабылданып, 2003 жылы 9 - сыныпты аяқтаған. 2004-2007 жылдары Шымкент қаласындағы Генерал - майор Сабыр Рахымов атындағы Республикалық әскери - мектеп интернатында білім алған. 2007-2008 жылдары Алматы облысы, Ұзынағаш станциясы №28237 ТЖМ әскери бөлімінде азаматтық борышын өтеген. Алғашқы еңбек жолын 2009 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы, ҚР ҰҚК Шекара қызметі «АУХАТТЫ» кеден бекетінде бақылаушы болып бастаған. 2010-2012 жылдары Қарағанды қаласында «Қарағанды көркем» ЖШС-гінде құрылысшы болып еңбек жолын жалғастырған.2012 жылы Алмас Момынұлы «Лидер-НС Строй» ЖШС-гін құрып, бүгінгі таңға дейін директор қызметін абыроймен атқарып келеді. «Лидер-НС Строй» ЖШС-гі Түркістан облысында құрылыс саласының қарқында дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Атап айтқанда: келесі ірі нысандардың құрылыс монтаждау жұмыстарын жүргізген: - «Түркістан қаласының Б. Саттарханов көшесі бойында желілік парк салу (3-кезең, 4-учаске); - «Түркістан қаласының Б. Саттарханов көшесі бойында желілік парк салу (3-кезең) 5-учаске); - «Түркістан қаласының жаңа шағын ауданына инженерлік инфрақұрылым салу (98 га құрылыс салуды реттеу аймағы, көше және абаттандыру)» жұмыстары;
- «Түркістан облысы, Түркістан қаласының Әкімшілік іскерлік орталық №9 көшесі бойынша 9-12 қабатты 32 тұрғын үйдің инженерлік инфрақұрылымын салу (абаттандыру, сыртқы желілер, сумен жабдықтау, кәріз, байланыс және электр жүйелері)» жұмыстары; - Түркістан облысы, Арыс қаласының көшелерін жарықтандыру жұмыстары; «Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Алатау а/о Қайнар елді мекенінде 200 орындық мектептің құрылыс жұмыстарын және Шымкент, Қарағанды қалаларында көшелерді жарықтандыру және абаттандыру бойынша монтаждау жұмыстарын жүргізген.2020 жылдан бастап, Арыс қаласында «Мүбарак-АГРО» ЖШС-гін құрып, мал басын асылдандыру бағытында 200 000 000 (екі жүз миллион) теңге көлемінде инвестиция тартып, жылқы және асыл тұқымды қой шаруашылығымен айналысуда.
Марапаттары: Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, қалалардың көркейіп абаттануына және құрылыс саласына қосқан елеулі еңбектері ескеріліп, Алмас Момынұлы Оңтүстік Қазақстан облысы (Түркістан облысы) және Шымкент қаласы әкімінің Грамоталарымен, алғыс хаттарымен, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің Құрмет Грамотасымен, Арыс қаласы әкімінің «Арыс қаласының дамуына қосқан үлесі үшін» мерекелік медалімен марапатталған. Отбасылы, жұбайы екеуі үш ұл-қыз тәрбиелеп өсіруде.





