МЕДЕТБЕКОВ ЕРКАЗЫ МАКСИМХАНҰЛЫ

    № 6 САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША АРЫС ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

    МЕДЕТБЕКОВ ЕРКАЗЫ МАКСИМХАНҰЛЫ
    Депутат маслихата

    МЕДЕТБЕКОВ ЕРКАЗЫ МАКСИМХАНҰЛЫ

    № 6 САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША АРЫС ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

    Өмірбаян

    Медетбеков Ерғазы Максимханұлы 1967 жылы 10 сәуiр күнi Арыс қаласында дүниеге келген. Қаладағы Ә.Жангелдин атындағы орта мектептi 1984 жылы бiтiрдi. Еңбек жолын 1984 жылдың қыркүйек айында спорт мектебiнде жаттықтырушы болып бастады.

    Әскери борышын өтеп келген соң 1987-1990 жылдары Шымкент гидромелиоративтiк техникумында оқыды. 2001 жылы Шымкент дене шынықтыру институтын «Жаттықтырушы» мамандығы бойынша бiтiрiп шықты. 1992-1993 жылдары Арыс қаласындағы Ә.Жангелдин атындағы мектепте мұғалiм болып қызмет атқарды.1990-1992 жылдары «СКИФ Ордабасы», 1994-1995 жылдары Алматыдағы «Намыс», 1996-2000 жылдары Өзбекстанның «Тұран», «Арал», Нукус қаласының кәсiби футбол клубтарында өнер көрсеттi. Екi жыл I-лигасында және екi жыл жоғары лигасында ойнады. 2001-2008 жылдары Арыс спорт мектебiнде, 2009-2010 жылдары Шымкент қаласындағы №7 мамандандырылған футбол мектебiнде аға жаттықтырушы болды. 2010 жылдың 27 желтоқсанынан бүгінгі таңға дейiн Арыс қаласы футбол және спорттық ойындар мектебiнiң директоры болып қызмет етуде. «AMANAT» партиясының мүшесі. Арыс қалалық мәслихатының V,VI, VII, VIII шақырылым депутаты. Марапаттары: «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл мерекелік медалдарымен, облыстық қалалық әкімдіктің және мәслихаттың құрмет грамоталарымен, 2021 жылы «Nur Otan» партиясы төрағасы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталған. Отбасылы. Жұбайы Венера екеуі екі ұл, екі қыз тәрбиелеп отыр.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері