
КЕНЖЕБЕКОВ АСХАТ ӘДІЛҰЛЫ
№9 САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША САЙЛАНҒАН АРЫС ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ КЕНЖЕБЕКОВ АСХАТ ӘДІЛҰЛЫ
Өмірбаян
Кенжебеков Асхат Әділұлы, 1984 жылы 6 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Қараспан ауылында дүниеге келдім. 1991-2001 жылдары орта мектепті бітіріп, 2001 жылы ҚА.Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университетіне түсіп, 2005 жылы бастапқы әскери дайындық және денешынықтыру мамандығы бойынша бітіріп шықтым.
Еңбек жолымды 2005-2006 жылдары ОҚО Арыс қаласындағы «Балалар және жасөспірімдер спорт бөлімінде» бас маман міндетін уақытша атқарушы болып бастадым. 2006-2021 жылдар аралығында Арыс қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінде бас маман, аталған бөлімде бөлім басшысы қызметтерін атқардым. 2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Арыс қаласының «Ұлттық және жекпе-жек спорт түрлері, аула клубы» КММ-де директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарудамын.
«AMANAT» партиясының мүшесімін.
«Дене шынықтыру және спорт саласына қосқан үлесі үшін» және «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталғанмын. Отбасылымын, 1 ұл, 3 қыз тәрбиелеп отырмын.





