
ДІЛДӘБЕКОВ БАҚТЫҒАЛИ СӘРСЕНБЕКҰЛЫ
№3 САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША АРЫС ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ
Өмірбаян
Ділдәбеков Бақтығали Сәрсенбекұлы, 1965 жылы 19 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданы, Ақдала кеңшарында дүниеге келген. 1972-1982 жылдары Ақдала кеңшарындағы С.Ерубаев атындағы орта мектепті бітіріп, 1982 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтының 1-ші курсына түскен. 1983 жылдың маусым айында әскер қатарына шақырылған.
Әскери борышын Ақтөбе облысы Ембі-5 қаласындағы №34020 әскери бөлімде қызмет етіп, 1985 жылы маусым айында әскери қызметін аяқтаған. Осы жылы Алматы сәулет-құрылыс институтының 2-ші курсына қайта қабылданып, 1989 жылы шілде айында аталмыш оқу орнын бітіріп, құрылыс инженері мамандығын алып шыққан. 2006-2008 жылдары Халықаралық гуманитарлық техникалық университетінде құқықтану мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 1989 жылы тамыз айынан Торғай облысы Арқалық қаласындағы «Тургайаллюминстрой» трестінің ірі панелді үй құрылысы басқармасында құрастырушы болып бастаған. Осы жылдың желтоқсан айында аталмыш трестің шағын механизациялау учаскесінде прораб қызметіне ауыстырылып, 1992 жылы сәуір айында мекен-жайын ауыстыруына байланысты, ОҚО Арыс қаласындағы «Наурыз» шағын кәсіпорнында құрылыс шебері болып жұмыс атқарған.
1993 жылдың тамыз айынан бастап 2016 жылға дейін Арыс қаласы әкімшілігінде аға диспетчер, қала әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінде инспектор, жалпы бөлім меңгерушісі, ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, қала әкімі аппаратының басшысы, қала әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2016-2020 жылдар аралығында №17 колледж директоры, 2020 жылдың қаңтар айынан тамыз айына дейін қала әкімінің кеңесшісі, 2020 жылдың тамыз айынан «Nur Otan» партиясы Арыс қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары , «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалының атқарушы хатшысы, «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалының төрағасы қызметтерін атқарып келеді. Арыс қалалық мәслихатының VIII шақырылым депутаты.
«AMANAT» партиясының мүшесі.
Марапаттары:
«Қазақстан Қарулы Күштеріне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Астанаға 20 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл», «AMANAT» партиясының «Белсенді қызметі үшін» медальдарымен, «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» және «Еңбек Даңқы» төсбелгілерімен марапатталған. Отбасылы. Жұбайы Халима Ілиясқызымен 2 қыз, 2 ұл тәрбиелеп өсіруде.





