Қызметкерлер — Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясы

    Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясы басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    6
    Баймбетов Ардақ Мұхитдинұлы
    Басқарма төрағасы

    Баймбетов Ардақ Мұхитдинұлы

    Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы

    Баймбетов Ардақ Мұхитдинұлы 1975 жылғы 25 қыркүйекте Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жоғары экономикалық және құқықтық білімі бар. 1994 жылы Арқалық кооперативтік техникумын «Коммерциялық қызметті ұйымдастыру» мамандығы бойынша, 1998 жылы Ақмола қаржы-экономикалық колледжін қаржы мамандығы бойынша, 2001 жылы Көкшетау экономика және менеджмент институтын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша, 2013 жылы академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқық» мамандығы бойынша бітірген.

    Рақышева Альфия Келісқызы
    Комиссия мүшесі

    Рақышева Альфия Келісқызы

    Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі

    Рақышева Альфия Келісқызы 1981 жылы 2 қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген. Жоғары экономикалық және құқықтық білімі бар. 2002 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін қаржы және несие мамандығы бойынша, 2004 жылы Д.А. Қонаев атындағы университетті құқықтану мамандығы бойынша, 2018 жылы Алматы технологиялық университетінің магистратурасын экономика мамандығы бойынша бітірген.

    Комиссия мүшесі

    Жексенбек Мұхтаржан Жүнісбекұлы

    Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясы мүшесі

    Жексенбек Мұхтаржан Жүнісбекұлы 1981 жылғы 22 тамызда Жамбыл облысында дүниеге келген. Жоғары экономикалық және құқықтық білімі бар. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша, Орталық-Азия университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сонымен қатар Astana School of Management and Business (SBS Swiss Business School) оқу орнында іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесін алған.

    Комиссия мүшесі

    Жунисбеков Бекзат Қуатбекұлы

    Член Ревизионной комиссии по городу Алматы

    Жунисбеков Бекзат Қуатбекұлы 1991 жылғы 24 ақпанда Алматы облысында дүниеге келген. Жоғары экономикалық білімі бар. 2012 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Есеп және аудит», 2014 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.

    Аппарат басшысы

    Шалкенов Жумахан Калмуханович

    Аппарат басшысы

    Шалкенов Жұмахан Қалмұханұлы 1971 жылғы 18 маусымда Торғай облысында дүниеге келген. Іскерлік әкімшілендіру докторы (DBA) дәрежесі, іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесі, жоғары экономикалық және заңгерлік білімі бар. Қазақ аграрлық университетін «Экономист-бухгалтер» мамандығы бойынша, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқық» мамандығы бойынша, Халықаралық бизнес академиясын іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесі бойынша тәмамдаған, сондай-ақ Алматы Менеджмент Университетінде Іскерлік әкімшілендіру докторы дәрежесін алған.

    Бөлім

    4
    Бөлім басшысы

    Исембаев Мұхтар Бейбітұлы

    Әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы

    Исембаев Мұхтар Бейбітұлы 1989 жылғы 17 қазанда Алматы облысында дүниеге келген. Жоғары экономикалық және құқықтық білімі бар. Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ экономикалық колледжін «Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша, сондай-ақ Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Бөлім басшысы

    Нұрмағанбетова Гауһар Асқарқызы

    Жоспарлау, талдау және есептілік бөлімі

    Нұрмағанбетова Гауһар Асқарқызы 1991 жылғы 17 наурызда Жамбыл облысында дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2012 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы бойынша аяқтады. 2015 жылы «Алматы» университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдады. 2017 жылы «Туран» университетін «Экономика» мамандығы бойынша магистратураны бітіріп, экономика магистрі дәрежесін алды.

    Бөлім басшысы

    , , ,

    №1 Мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы

    Бөлім басшысы

    Оразбаева Жаңыл Ділдәбекқызы

    №2 Мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы

    Оразбаева Жаныл Ділдәбекқызы 1987 жылғы 11 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Жоғары экономикалық және заңгерлік білімі бар. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша, «Шымкент» университетін «Экономика» мамандығы бойынша, сондай-ақ Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Басқа қызметкерлер

    3
    Әбдіраманова Айнұр Иманғалиқызы
    Бөлім басшысы

    Әбдіраманова Айнұр Иманғалиқызы

    Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі)

    Әбдіраманова Айнұр Иманғалиқызы 1994 жылы 25 ақпанда Қызылорда облысында дүниеге келген. Жоғары гуманитарлық және құқықтық білімі бар. 2015 жылы «Қайнар» университетінде қазақ тілі және әдебиет мамандығы бойынша бітірген, 2019 жылы Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясында құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

    Асылбаева Салтанат Мұратқызы
    Бөлім басшысы

    Асылбаева Салтанат Мұратқызы

    Отдел контроля качества

    Асылбаева Салтанат Мұратқызы 1986 жылы 16 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Жоғары экономикалық және құқықтық білімі бар. 2008 жылы Юриспруденция академиясы "Әділет " Жоғарғы құқық мектебін заңтану мамандығы бойынша, 2012 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің магистратурасын заңтану мамандығы бойынша, 2016 жылы "Көкше" академиясын есеп және аудит мамандығы бойынша бітірген

    Бөлім басшысы

    Қорғанбаева Айгерім Болатқызы

    Бас бухгалтер

    Қорғанбаева Айгерім Болатқызы 1989 жылғы 29 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.