Нұрмағанбетова Гауһар Асқарқызы

    Жоспарлау, талдау және есептілік бөлімі

    Руководитель отдела

    Нұрмағанбетова Гауһар Асқарқызы

    Жоспарлау, талдау және есептілік бөлімі

    Өмірбаян

    Нұрмағанбетова Гауһар Асқарқызы 1991 жылғы 17 наурызда Жамбыл облысында дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2012 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы бойынша аяқтады. 2015 жылы «Алматы» университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдады. 2017 жылы «Туран» университетін «Экономика» мамандығы бойынша магистратураны бітіріп, экономика магистрі дәрежесін алды.

    Жалпы еңбек өтілі – 10 жылдан астам, мемлекеттік қызметтегі өтілі – 10 жылдан астам. Әлеуметтік салада, мемлекеттік басқару және аудит бағытында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

    Еңбек жолын 2008 жылы бастаған.

    • 2013–2014 жылдары – «Ақпараттық жүйе орталығы» ЖШС маманы.
    • 2014–2015 жылдары – Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында хатшы, Әуезов аудандық бөлімінің бас маманының м.а.
    • 2015–2016 жылдары – Әуезов аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы
    • 2016–2017 жылдары – еңбек көші-қон бөлімінің бас маманы
    • 2017–2019 жылдары – Наурызбай аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы
    • 2019–2021 жылдары – Наурызбай аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөлімінің бас маманы
    • 2021 жылы – Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің бас инспекторы

    2021 жылғы шілде айынан бастап Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері