Қорғанбаева Айгерім Болатқызы

    Бас бухгалтер

    Бөлім басшысы

    Қорғанбаева Айгерім Болатқызы

    Бас бухгалтер

    Өмірбаян

    Қорғанбаева Айгерім Болатқызы 1989 жылғы 29 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Жалпы еңбек өтілі 12 жылдан асады, оның ішінде мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 9 жылдан асады. Экономика, бюджеттік жоспарлау, және қаржы салаларында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

    Еңбек жолын 2011 жылы «Триумфальная Марка Казахстан» ЖШС-де экономист болып бастаған.

    • 2011–2015 жылдары «Триумфальная Марка Казахстан» ЖШС-де экономист болып жұмыс істеді.
    • 2017–2019 жылдары Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында статистик, бас маманның міндетін атқарушы және бас маман қызметтерін атқарды.
    • 2019–2022 жылдары Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасының бюджет және есептілікті жинақтау бөлімі мен бюджеттік саясат және жоспарлау бөлімінде бас маман болды.
    • 2022–2024 жылдары Алматы қаласы Қаржы басқармасында бюджеттік саясат және жоспарлау бөлімінің бас маманы, әкімшілік-құқықтық бөлімнің бас маманы – бас бухгалтері және мемлекеттік аппараттың бюджет бөлімі бас маманы лауазымдарында қызмет атқарды.
    • 2024–2025 жылдары Алматы қаласы Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының әкімшілік-құқықтық бөлімінің бөлім басшысы және бас маманы қызметтерін атқарды.
    • 2025–2026 жылдары Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің бас инспекторы болды.

    2026 жылғы шілде айынан бастап Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының бас инспекторы – бас бухгалтері болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері