
Өмірбаян
Асылбаева Салтанат Мұратқызы 1986 жылы 16 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Жоғары экономикалық және құқықтық білімі бар. 2008 жылы Юриспруденция академиясы "Әділет " Жоғарғы құқық мектебін заңтану мамандығы бойынша, 2012 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің магистратурасын заңтану мамандығы бойынша, 2016 жылы "Көкше" академиясын есеп және аудит мамандығы бойынша бітірген
Жалпы еңбек өтілі 15 жылдан астам, оның ішінде мемлекеттік қызметте 11 жылдан астам мерзімді құрайды. Экология, қаржылық, аудиторлық және заң қызметі салаларында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
Еңбек жолын 2009 жылы жеке секторда бастаған.
- 2013-2014 жылдары – Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мемлекеттік сатып алу және жоспарлау бөлімінің технологы, бас маманы.
- 2014-2019 жылдары – Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының әкімшілік-құқықтық бөлімінің құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу секторының бас маманы.
- 2019-2020 жылдары – Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит бөлімінің бас маманы.
- 2020-2023 жылдары – Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының сапаны бақылау бөлімінің басшысы.
2020 жылғы мамыр айынан бастап Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының сапаны бақылау бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.
II дәрежелі "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесінің үздігі", "Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі үшін" төсбелгілерімен марапатталған.
