Жунисбеков Бекзат Қуатбекұлы

    Член Ревизионной комиссии по городу Алматы

    Член комиссии

    Жунисбеков Бекзат Қуатбекұлы

    Член Ревизионной комиссии по городу Алматы

    Өмірбаян

    Жунисбеков Бекзат Қуатбекұлы 1991 жылғы 24 ақпанда Алматы облысында дүниеге келген. Жоғары экономикалық білімі бар. 2012 жылы
    Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Есеп және аудит», 2014 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.

    Жалпы еңбек өтілі — 12 жыл, мемлекеттік қызмет өтілі — 10 жыл.

    Еңбек жолын 2012 жылғы шілдеде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті мүшесінің қабылдау бөлмесінің инспекторы лауазымынан бастады.

    2012 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы наурызға дейін инспектор, сарапшы-бақылаушының міндетін атқарушы, сарапшы-бақылаушы, сарапшы, бас сарапшы, бас сарапшы – мемлекеттік аудитор, бас консультант – мемлекеттік аудитор лауазымдарында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінде қызмет атқарды.

    2022 жылғы наурыздан 2023 жылғы наурызға дейін «Астана-2020» мемлекеттік қоры атқарушы директорының орынбасары қызметін атқарды.

    2023 жылғы мамырдан 2024 жылғы сәуірге дейін «Qazaq Concrete» Сауда үйі» ЖШС-де аналитик, директор лауазымдарында жұмыс істеді.

    2024 жылғы сәуірден 2025 жылғы қазанға дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ішкі аудит департаментінде мониторинг және бағалау басқарма басшысы қызметтерін атқарды.

    2025 жылғы желтоқсаннан 2026 қаңтарға дейін «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ-да жоба менеджері болып қызмет атқаруда.

    Алматы қаласы мәслихатының шешімі бойынша 2026 жылғы 8 қаңтардан бастап Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі болып тағайындалды.

    «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласының құрметті қызметкері» төсбелгісі және ҚР Президенті іс басқармасының алғысымен марапатталған.

    Мемлекеттік аудитор сертификаты, сондай-ақ CIPFA халықаралық кәсіби ұйымының International Public Sector Accounting Standards дипломы мен Public Auditors сертификатына ие.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері