Баймбетов Ардақ Мұхитдинұлы

    Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы

    Баймбетов Ардақ Мұхитдинұлы
    Председатель Правления

    Баймбетов Ардақ Мұхитдинұлы

    Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы

    Өмірбаян

    Баймбетов Ардақ Мұхитдинұлы 1975 жылғы 25 қыркүйекте Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жоғары экономикалық және құқықтық білімі бар. 1994 жылы Арқалық кооперативтік техникумын «Коммерциялық қызметті ұйымдастыру» мамандығы бойынша, 1998 жылы Ақмола қаржы-экономикалық колледжін қаржы мамандығы бойынша, 2001 жылы Көкшетау экономика және менеджмент институтын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша, 2013 жылы академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқық» мамандығы бойынша бітірген.

    Жалпы еңбек өтілі 29 жылдан астам, оның ішінде мемлекеттік қызметте 29 жыл мерзімді құрайды. Қаржылық және аудиторлық қызметі саласында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

    Еңбек жолын «Медснаб» Торғай облыстық өндірістік сауда-жабдықтау кәсіпорнында бастады (Арқалық қ.).

    1996 жылғы маусымнан 2005 жылғы тамызға дейін Торғай және Ақмола облыстары бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитетінің аумақтық басқармаларында бақылаушы-ревизор, аға бақылаушы-ревизор, бас бақылаушы-ревизор лауазымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитетінің орталық аппаратында қызмет атқарды.

    2005 жылғы тамыздан 2022 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінде консультант, бас сарапшы, бас консультант, сектор меңгерушісі болып қызмет атқарды.

    2022 жылғы қаңтардан 2024 жылғы 26 наурызға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына қарасты «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ басшысының орынбасары қызметін атқарды.

    2024 жылғы мамырдан 2025 жылғы желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Ішкі аудит департаментінің директоры болып қызмет атқарды.

    Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы жалпы еңбек өтілі 25 жылдан асады.

    «CIPFA» және «ACCA» халықаралық аудитор сертификаттарына, сондай-ақ мемлекеттік аудитор және кәсіби бухгалтер сертификаттарына ие.

    Алматы қаласы мәслихатының шешімі бойынша 2026 жылғы 8 қаңтардан бастап Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы болып тағайындалды.

    Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары және мерекелік медальдары

    II дәрежелі «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесінің үздігі» төсбелгісімен, «Қаржы сақшысы» және «Қаржы сақшысы» III дәрежелі медальдармен, «Астана 20 жыл», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері