
Рақышева Альфия Келісқызы
Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі
Өмірбаян
Рақышева Альфия Келісқызы 1981 жылы 2 қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген. Жоғары экономикалық және құқықтық білімі бар. 2002 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін қаржы және несие мамандығы бойынша, 2004 жылы Д.А. Қонаев атындағы университетті құқықтану мамандығы бойынша, 2018 жылы Алматы технологиялық университетінің магистратурасын экономика мамандығы бойынша бітірген.
Жалпы еңбек өтілі 20 жылдан астам, оның ішінде мемлекеттік қызметте 18 жылдан астам мерзімді құрайды. Қаржылық, аудиторлық және заң қызметі саласында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
- 2001-2002 жылдары – Алматы қаласы Жол қозғалысы қауіпсіздігі қоры филиалының аға маманы, бухгалтері
- 2002-2008 жылдары – ҚР ҚМ Қаржылық бақылау инспекциясының Алматы қаласы бойынша басқармасының инспекторы, жетекші-маманы-бақылаушысы, бас маманы-бақылаушысы, бөлім басшысы лауазымдарында қызмет атқарды.
- 2008-2010 жылдары – Алматы қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің бөлім бастығы, бақылау және талдау басқармасының бастығы, төлемдерді бекіту және бақылау бөлімінің бас маманы лауазымдарында қызмет атқарды.
- 2010-2011 жылдары – ҚР ҚМ Қаржылық бақылау инспекциясының Алматы қаласы бойынша басқармасының бөлім басшысы.
- 2011 жылдан 2015 жылдар аралығында Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының бақылау бөлімінің бас маманы – мемлекеттік бақылаушысы, № 4 сапаны бақылау бөлімінің басшысы, сапаны бақылау бөлімінің бас инспекторы – мемлекеттік бақылаушысы лауазымдарында қызмет атқарды.
- 2015-2020 жылдары – Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі.
- 2021-2022 жылдары – Алматы қаласы әкімі аппараты ішкі аудит қызметінің бас инспектор - мемлекеттік аудиторы.
- 2022-2023 жылдары – Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының аппарат басшысы
Мәслихаттың шешімі бойынша 2023 жылғы 4 қаңтардан бастап Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі болып тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 16 қазанында «Ерен еңбегі үшін» медалімен, II дәрежелі «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесінің үздігі» төсбелгісімен, «Ерен еңбегі үшін» медальмен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

