Қызметкерлер — Мұғалжар ауданының әкімдігі

    Мұғалжар ауданының әкімдігі басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    5
    Ермағанбетов Дархан Жанысханұлы
    Әкім

    Ермағанбетов Дархан Жанысханұлы

    Мұғалжар ауданының әкімі

    1986 жылы 10 қазанда Ақтөбе облысы Хромтау ауданында дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2008 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, 2012 жылы Батыс Қазақстан инженерлік — гуманитарлық университетін, 2017 жылы Нархоз университетін бітірген.

    БюджетТКШ және абаттандыруЖер қатынастарыБілім беру
    Бақыткелді Жомарт Бақыткелдіұлы
    Әкімінің орынбасары

    Бақыткелді Жомарт Бақыткелдіұлы

    Аудан әкімінің орынбасары

    Жомарт Бақыткелдіұлы 1987 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары 2008 жылы Алматы экономика және статистика академиясын қаржыгер мамандығы бойынша бітірген.

    ТКШ және абаттандыруҚұрылысТехникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау
    Есенаманов Әкімжан Еркенұлы
    Әкімінің орынбасары

    Есенаманов Әкімжан Еркенұлы

    Аудан әкімінің орынбасары

    1978 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының Ақкемер ауылында дүниеге келген. 2000 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын «Өндірістік жылу энергетикасы», 2007 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «Қаржы» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

    Білім беруЖұмыспен қамту орталығыТарих және мәдениетІшкі саясат
    Ахметов Рустам Әлімұлы
    Аппарат басшысы

    Ахметов Рустам Әлімұлы

    Аппарат басшысы

    Ахметов Рустам Әлімұлы - 1990 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы, Ембі қаласында дүниеге келді. Білімі жоғары. 2008-2012жж. Қазақ-Орыс Халықаралық университетін бітірді. 2016-2018жж Қайнар академиясын бітірді.

    Бөлім

    12
    Қаниев Еркебұлан Еркебұланұлы
    Бөлім басшысы

    Қаниев Еркебұлан Еркебұланұлы

    Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

    Еркебулан Қаниев 1988 жылы Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2006–2013 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2015–2017 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ қатынас жолдары университетінде «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша білім алған.

    ТКШ және абаттандыру
    Қазбағамбетов Серік Қазбекұлы
    Бөлім басшысы

    Қазбағамбетов Серік Қазбекұлы

    Жер қатынастары бөлімінің басшысы

    Серік Қазбағамбетов 1983 жылы Қандыағаш қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары 2004 жылы Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Бұхарбаев Ерік Асқарұлы
    Бөлім басшысы

    Бұхарбаев Ерік Асқарұлы

    Ішкі саясат бөлімінің басшысы

    Бұхарбаев Ерік Асқарұлы 1981 жылы Мұғалжар ауданы, Құмсай ауылында дүниеге келді. 1999 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін бітірді.

    Басқа қызметкерлер

    13
    Кужаниязов Дамир Мәлікұлы
    Әкім

    Кужаниязов Дамир Мәлікұлы

    Ақкемір ауылдық округінің әкімі

    Мен Кужаньязов Дамир Маликович 1984 жылы 4 маусымда Ембі қаласында дүниеге келдім. 1990 жылы А.Жұбанов атындағы орта мектебіне бірінші сыныпқа оқуға бардым. 1997 жылы жанұя жағдайымызға байланысты қоныс аударып 2001 жылы Қандыағаш қалалық №1 орта мектебінде оқу бітірдім. 2001-2006 жылдары Қ.Жұбанов атындағы АМПИ-не түсіп,Тарих, құқық және экономика негіздері мамандығын алып шықтым.

    Каюпов Аманбай Әбдіғалиұлы
    Әкім

    Каюпов Аманбай Әбдіғалиұлы

    Еңбек ауылдық округінің әкімі

    Мен Каюпов Аманбай Әбдіғалиұлы 1990 жылы 25 мамырда Шалқар қаласында дүниеге келдім. 1996-2007 жылдар аралығында Шетырғыз ауылдық округі Қаратоғай орта мектебінде білім алдым. 2007-2011 ж аралығында Батыс Қазақстан облысы инженер-гуманитарлық университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын бітірдім, 2019-2021 жылдар аралығында Қ.Жұбанов атындағы университетінде «Заңгер (құқықтану)» мамандығын бітірдім.

    Бокашев Мейрамбек Маратұлы
    Әкім

    Бокашев Мейрамбек Маратұлы

    Батпақкөл ауылдық округінің әкімі

    Мен, Бокашев Мирамбек Маратұлы, 1982 жылы 8 наурызда Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының Бірлік аулында дүниеге келдім. Әкем Бокашев Марат Түрікпенбайұлы 1998 жылы дүниеден өтті, шешем Көшербаева Бағила Алдырзақызы зейнеткер. 1999 жылы Мұғалжар ауданы Бірлік ауылында Құмжарған орта мектепті бітіріп, Ақтөбе қаласындағы Құдайберген Жұбанов атындағы мемлекеттік универиситетінін тарих факультетіне оқуға түстім.

    Оразов Баймұрат Дүйсенұлы
    Әкім

    Оразов Баймұрат Дүйсенұлы

    Ашесай ауылдық округінің әкімі

    Мен Оразов Баймурат Дуйсенович 1978 жылы 20 наурызда Темір ауданы ставропль ауылында дүниеге келдім. 1983-1994 жылдар аралығында Шұбарқұдық кентіндегі №1 қазақ орта мектебінде білім алдым. 20.07.1997-30.12.1997 ж аралығында Ақтөбе КТЛ-1 «Кең көлемді құрылыс шебері» мамандығын бітірдім

    Андакулов Әлімжан Жәмиұлы
    Әкім

    Андакулов Әлімжан Жәмиұлы

    Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі

    Мен, Андакулов Әлімжан Жамиұлы 1963 жылдың 15 мамыр айында Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданында дүниеге келген. Әкем Андакулов Жәми 1926 жылы туылған , соғыс ардагері. 2008 жылы қайтыс болған. Анам Нуриманова Шыналқа 1930 жылы дүниеге келген, 1997 жылы қайтыс болған. 4 апам, 1 ағам, 1 інім және 1 қарындасым бар. 1970 жылы Родник ауылының М.В.Ломоносов атындағы орта мектебіне қабылданып, 1980 жылы осы аталған мектепті аяқтаған. 1980-1981 жылдары Родник ауылында әртүрлі жұмыс атқарған. 1981 жылы Қызылорда қаласындағы Жамбыл гидромелиарация –құрылыс институтының «Құрылыс инженері» мамандығы бойынша жоғары оқуға түсіп, 1986 жылы тәмамдаған. Оқып жүрген уақыт аралығында еркін күрестен мастер атағына үміткер болған. 1986-1988 жылдар аралығында әскер қатарында болдым.

    Қорғанбай Әлімжан Өмірсерікұлы
    Әкім

    Қорғанбай Әлімжан Өмірсерікұлы

    Мұғалжар ауылының әкімі

    Мен Қорғанбай Әлімжан Өмірсерікұлы 1968 жылы 3 маусымда Шалқар ауданы Талдықұм ауылында өмірге келдім. 1975 жылы Талдықұм ауылындағы орта мектепке бірінші сыныпқа қабылданып, 1985 жылы Шалқар қаласындағы №1 қазақ орта мектебінен оныншы сынып бітірдім. Мектеп бітіргеннен кейін өзім туып өскен жерім Талдықұм ауылына келіп, жұмысшы болып әртүрлі жұмыстар атқардым. 1986 жылы Кеңес әскері қатарына шақырып, Кирев облысы, Кирово- Чепецк қаласында әскери борышымды өтедім. Әскерден келгеннен кейін Шалқар ауданы, Шалқар совхозында жұмысшы болып бір жыл істеп, 1986 жылы Ақтөбе педогогикалық институтына дайындық бөліміне оқуға қабылдандым. Дайындық бөлімінен кейін, 1990 жылы аталған институттың педогогикалық бөліміне бірінші курсқа қабылданып, 1994 жылы институтты бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шықтым.

    Муханов Айбек Алиханович
    Әкім

    Муханов Айбек Алиханович

    Талдысай ауылдық округінің әкімі

    Мен, Муханов Айбек Алиханович 1973 жылы тамыз айының 2 күні Ақтөбе қаласында дүниеге келді. Ол 1990 жылы Талдысай орта мектебін бітіргеннен кейін 1994-1997 жылдар аралығында Ақтөбе индустриалды – педагогикалық техникумында оқып, «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша диплом алып шықты.

    Үргенішбаев Рамазан Көбейсінұлы
    Әкім

    Үргенішбаев Рамазан Көбейсінұлы

    Жұрын ауылдық округінің әкімі

    Мен, Үргенішбаев Рамазан Көбейсінұлы 1969 жылы 25 шілде күні Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Южный селосында дүниеге келдім. 1976 жылы Южный негізгі мектебінің 1-класының табалдырығын аттадым. Осы мектепті 1984 жылы 8-класты бітіріп, Шалқар қаласында № 2 орта мектебінде 9-10 кластарды оқыдым. № 2 қазақ орта мектебін 1986 жылы бітіріп, сол жылы Ақтөбе педагогикалық институтына түстім . Институтты оқып жүріп 1988-1991 жылдар аралығында Отан алдындағы борышымды өтеп келдім. Осы институтты 1992 жылы маусым айында тәмәмдадым. Физика және информатика мамандығы бойынша