Қорғанбай Әлімжан Өмірсерікұлы

    Мұғалжар ауылының әкімі

    Қорғанбай Әлімжан Өмірсерікұлы
    Аким

    Қорғанбай Әлімжан Өмірсерікұлы

    Мұғалжар ауылының әкімі

    Өмірбаян

    Мен Қорғанбай Әлімжан Өмірсерікұлы 1968 жылы 3 маусымда Шалқар ауданы Талдықұм ауылында өмірге келдім. 1975 жылы Талдықұм ауылындағы орта мектепке бірінші сыныпқа қабылданып, 1985 жылы Шалқар қаласындағы №1 қазақ орта мектебінен оныншы сынып бітірдім. Мектеп бітіргеннен кейін өзім туып өскен жерім Талдықұм ауылына келіп, жұмысшы болып әртүрлі жұмыстар атқардым. 1986 жылы Кеңес әскері қатарына шақырып, Кирев облысы, Кирово- Чепецк қаласында әскери борышымды өтедім. Әскерден келгеннен кейін Шалқар ауданы, Шалқар совхозында жұмысшы болып бір жыл істеп, 1986 жылы Ақтөбе педогогикалық институтына дайындық бөліміне оқуға қабылдандым. Дайындық бөлімінен кейін, 1990 жылы аталған институттың педогогикалық бөліміне бірінші курсқа қабылданып, 1994 жылы институтты бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шықтым.

    Институттан кейін Талдықұм орта мектебіне бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасып, 1996 жылы аталған мектепке директор болып тағайындалдым. 1997 жылдың қараша айынан Мұғалжар ауданы Ембі қаласы №49 теміржол орта мектебіне директор болып ауысып он жыл абыройлы, тыңғылықты директор қызметін атқардым. Директор қызметінде жүргенде 2003- 2007 жылдары Мұғалжар аудандық маслихатына Ембі, Юбилйный сайлау учаскесі арқылы дипутат болып, тұрғындар сеніміне ие болдым. 2007 жылдан Ембі қаласы әкімінің орынбасары болып бір жыл қызмет атқарып 2008 жылы Мұғалжар ауданы Жем қаласының әкімі қызметіне тағайындалдым. 2011 жылдың 10 маусымынан Ембі қаласы әкімі қызметіндемін.

    Жанұялымын:

    Әйелім Қорғанбаева Әсия Сақтапбергенқызы 01.01.1974 жылы туған. Ембі қаласындағы №7 орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс жасайды.

    Жанұяда төрт бала тәрбиелеп отырмыз. Үлкенім Ақтөбе мемлекеттік университетінде 3 курс студенті, қалған үш бала мектеп жасында.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері