
Өмірбаян
Мен, Бокашев Мирамбек Маратұлы, 1982 жылы 8 наурызда Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының Бірлік аулында дүниеге келдім. Әкем Бокашев Марат Түрікпенбайұлы 1998 жылы дүниеден өтті, шешем Көшербаева Бағила Алдырзақызы зейнеткер.
1999 жылы Мұғалжар ауданы Бірлік ауылында Құмжарған орта мектепті бітіріп, Ақтөбе қаласындағы Құдайберген Жұбанов атындағы мемлекеттік универиситетінін тарих факультетіне оқуға түстім.
2003 жылы университетті бітірген соң Құмжарған орта мектебіне тарих пәні мұғалімі болып қабылданып,2007 жылғы дейін жұмыс жасадым.
2008 жылы «Ақтөбе облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы» ММ-сі бас маманы болып жұмыс жасадым.
2009-2011жылдары Құмжарған орта мектебінде орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі болып қызмет жасадым.
2011-2012 жылдары Құмжарған орта мектебінде оқу ісінің меңгерушісі болдым.
16.01.2013-31.08.2013 жж Елек негізгі мектебінде оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметінде болдым.
31.08.2013-13.08.2014 жж Юбелей орта мектебінде оқу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс жасадым.
2014-2017 жж Саға орта мектебінде мектеп директоры қызметінде болдым.
15.06.2017-18.04.2019 жж Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде лиректорлық қызметінде болдым.
2019 жылдың сәуір айынан бастап Батпақкөл ауылдық округі әкімі қызметін атқарып келемін.
Отбасын құрғанмын, жұбайым — Бокашева Жадыра, 1992 жылы туған, Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде мұғалім болып қызмет жасайды. Отбасында төрт ер бала тәрбиелеп отырмыз. Марат Батыр, Марат Сұлтан, Марат Хан және Марат Бейбарыс.




