Андакулов Әлімжан Жәмиұлы

    Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі

    Андакулов Әлімжан Жәмиұлы
    Әкім

    Андакулов Әлімжан Жәмиұлы

    Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    Мен, Андакулов Әлімжан Жамиұлы 1963 жылдың 15 мамыр айында Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданында дүниеге келген. Әкем Андакулов Жәми 1926 жылы туылған , соғыс ардагері. 2008 жылы қайтыс болған. Анам Нуриманова Шыналқа 1930 жылы дүниеге келген, 1997 жылы қайтыс болған. 4 апам, 1 ағам, 1 інім және 1 қарындасым бар. 1970 жылы Родник ауылының М.В.Ломоносов атындағы орта мектебіне қабылданып, 1980 жылы осы аталған мектепті аяқтаған. 1980-1981 жылдары Родник ауылында әртүрлі жұмыс атқарған. 1981 жылы Қызылорда қаласындағы Жамбыл гидромелиарация –құрылыс институтының «Құрылыс инженері» мамандығы бойынша жоғары оқуға түсіп, 1986 жылы тәмамдаған. Оқып жүрген уақыт аралығында еркін күрестен мастер атағына үміткер болған. 1986-1988 жылдар аралығында әскер қатарында болдым.

    1989-1991 жылдар аралығында Родник ауылында құрылыс мастері, 1991-1996 жылдарда аға прораб болып қызмет атқардым. 1996-1999 жылдары Ембі совхозында директор орынбасары болып, 1999-2010 жылдары «Назерке» шаруа қожалығын басқардым. 2010 жылдан бастап 2016 жылдар аралығында Бұлақты орта мектебінің спорт жаттықтырушысы болып қызмет атқардым. 2016 жылдың 23 қыркүйегінен бастап Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі болып сайланып, қызмет етіп келемін.

    Отбасылымын, жұбайым Андакулова Райхан Қанжарбайқызы 1966 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Мұғалжар ауданы, Бұлақты ауылында «Арай» балабақшасында мейірбике болып жұмыс жасайды. Бес бала тәрбиелеп отырмыз. Қызым Андакулова Ақнұр Әлімжанқызы 1989 жылы 20 мамырда Мұғалжар ауданы Бұлақты ауылында дүниеге келген. Қазіргі күні Астана қаласында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде бас сарапшы болып қызмет атқарады, тұрмыста. Ұлым Нуриман Әлихан Әлімжанұлы 1990 жылы қазан айында Мұғалжар ауданы Бұлақты ауылында дүниеге келген. Қазіргі күні Ақтөбе қаласында ішкі істер бөлімінде қызмет атқарады. Ұлым Жәмиев Әділхан Әлімжанұлы 1994 жылы 21 қыркүйек айында Мұғалжар ауданы Бұлақты ауылында дүниеге келген. Қазіргі күні Ақтөбе қаласында ішкі істер бөлімінде қызмет атқарады. Ұлым Жәми Нұрхан Әлімжанұлы 2000 жылы 22 қарашада Мұғалжар ауданы Бұлақты ауылында дүниеге келген. Қазіргі күні Алматы қаласында Қаныш Сәтбаев атындағы институтта 4 курс студенті. Қызым Жәми Ақбота Әлімжанқызы 2007 жылы 29 шілдеде Мұғалжар ауданы Бұлақты ауылында дүниеге келген. 9 сынып оқушысы. Мен және менің туысқандарым қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері