Қаниев Еркебұлан Еркебұланұлы

    Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

    Қаниев Еркебұлан Еркебұланұлы
    Руководитель отдела

    Қаниев Еркебұлан Еркебұланұлы

    Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Еркебулан Қаниев 1988 жылы Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары.

    2006–2013 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша,

    2015–2017 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ қатынас жолдары университетінде «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша білім алған.

    Еңбек жолын 2010–2018 жылдары «ҚТЖ» АҚ Ақтөбе локомотив пайдалану депосында тепловоз машинисінің көмекшісі, тепловоз машинисі, кейіннен локомотив диспетчері қызметтерінен бастаған.

    Әр жылдары Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімінде штаттан тыс маман-хатшы, «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де экономика және бухгалтерлік есеп секторының бас маманы, Қарғалы ауданы Бадамша ауылдық округі әкімдігінің бас маманы, Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімі аппараты ММ-де тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған.

    2024–2025 жылдары «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» ММ-де ойын бизнесі және лотерея қызметі басқармасының бас сарапшысы, Астана қаласы «Нұра» ауданы әкімі аппараты ММ-де ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы болып еңбек етті.

    Осы қызметке тағайындалғанға дейін Ақмола облысы, Бурабай аудандық дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.

    2026 жылдан бастап Мұғалжар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарып келеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері