
Өмірбаян
Мен, Үргенішбаев Рамазан Көбейсінұлы 1969 жылы 25 шілде күні Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Южный селосында дүниеге келдім. 1976 жылы Южный негізгі мектебінің 1-класының табалдырығын аттадым. Осы мектепті 1984 жылы 8-класты бітіріп, Шалқар қаласында № 2 орта мектебінде 9-10 кластарды оқыдым. № 2 қазақ орта мектебін 1986 жылы бітіріп, сол жылы Ақтөбе педагогикалық институтына түстім . Институтты оқып жүріп 1988-1991 жылдар аралығында Отан алдындағы борышымды өтеп келдім. Осы институтты 1992 жылы маусым айында тәмәмдадым. Физика және информатика мамандығы бойынша
1992 жылыдың қазан айынан бастап Южный орталау мектебінде мұғалім болып жұмыс жасадым.
1994 жылы осы аталаған мектепте мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметінде, 1998 жылы мектептің мектеп директоры қызметін атқардым. 2002 жылы Аудандық білім бөлімінің информатика пәнінің әдіскері болып тағайындалдым. 2005 жылы ГКС-12 орта мектебінің директорының оқу ісі орынбасары болып қызмет атқардым. 2010 жылдың 11 қарашасында Мұғалжар ауданы Абай орта мектебінде мектеп директоры болып жұмыс атқардым . 2011 жылдың қазан айынан бастап Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округінің әкімі, 2012 жылдан бастап 2018 жылдың қазан айына дейін Құмжарған ауылдық округ әкімі болып қызмет атқардым .
Қазіргі таңда 2018 жылдың қазан айынан бастап Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық ауылдық округінің әкімі қызметін атқарамын.
Жолдасым Үргенішбаева Күлянда Қ.Жұбанов атындағы орта мектебінің мұғалімі. Отбасымда төрт балам бар.




