
Өмірбаян
Ахметов Рустам Әлімұлы - 1990 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы, Ембі қаласында дүниеге келді.
Білімі жоғары. 2008-2012жж. Қазақ-Орыс Халықаралық университетін бітірді.
2016-2018жж Қайнар академиясын бітірді.
Еңбек жолын 2013 жылы "Мұғалжар ауданы әкімі аппараты" ММ бас маманы, кейін аудан әкімінің көмекшісі қызметіне тағайындалды.
2018 жылы "Мұғалжар аудандық кәсіпкерлік бөлімі" ММ басшысы қызмет атқарды.
2021 жылы "Ақтөбе облысы әкімі аппараты" ММ бас инспекторы болып қызмет атқарды.
2023 жылдың қаңтар айынан бастап Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарып келді, 06 қыркүйек айынан бастап аудан әкімі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды.



