Қызметкерлер — Атырау қаласының әкімдігі

    Атырау қаласының әкімдігі басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    5
    Таханов Данияр Болатұлы
    Әкім

    Таханов Данияр Болатұлы

    Атырау қаласының әкімі

    Данияр Таханов 1985 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Бейжіңдегі Қытай мұнай университетін «Өндірістік-коммерциялық басқару» және «Өндірістік экономика» мамандықтары бойынша бітірген. «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасының түлегі.

    Махуов Тілек Алдабергенұлы
    Әкімінің орынбасары

    Махуов Тілек Алдабергенұлы

    Атырау қаласы әкімінің орынбасары

    Тілек Махуов 1977 жылы Атырау облысында туған. 1999 жылы Атырау мұнай-газ университетін аяқтап, инженер-механик мамандығын, 2008 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын бітіріп, құрылыс инженері мамандықтарын алған. Еңбек жолын 1999 жылы теміржол саласында бастаған. 2003 жылдан мемлекеттік қызметте. 2003-2008 жылдары қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімінде бас маман, «Бас жоспар орталығы» КМК бөлім басшысы, 2009-2010 жылдары «ТМ Проектстрой» ЖШС бас инженер, 2011-2012 жылдары ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің күрделі жөндеу басқармасының бас сарапшысы, 2014 жылы Жылой ауданы құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімінің басшысы, 2014-2017 жылдары Атырау облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарында қызметте болған. Тағайындалғанға дейін Астана қаласында «БатысҚұрылысИнвест» ЖШС атқарушы директор қызметінде жұмыс жасаған.

    Мұқасов Мейіржан Жолдасұлы
    Әкімінің орынбасары

    Мұқасов Мейіржан Жолдасұлы

    Атырау қаласы әкімінің орынбасары

    Мұқасов Мейіржан 1994 жылы Атырау облысында туған. 2013 жылы «Атырау аграрлы-техникалық колледжін» бітіріп, техник мамандығын, 2016 жылы «Атырау мұнай және газ институтын» аяқтап, қызмет көрсету саласының бакалаврын, 2018 жылы «Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінен» құқықтану бакалавр мамандығын, 2022 жылы Мәскеу экономикалық институтын бітіріп, экономика мамандығын алған. Сонымен қатар, мемлекеттік аудитор сертификаты бар. Еңбек жолын 2013 жылы Атырау қалалық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің маманы болып бастаған. 2015 жылдан мемлекеттік қызметте. 2015-2018 жылдары Атырау қалалық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің бас маманы лауазымында, 2018-2020 жылдары осы бөлімде мемлекеттік сатып алу және жоспарлау секторының меңгерушісі, бөлім басшысының орынбасары лауазымында, 2020-2022 жылдары қалалық қаржы бөлімінің басшысы, 2022-2023 жылдары Атырау облыстық қаржы басқармасының басшысы, 2023-2024 жылдары Атырау облыстық мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының басшысы лауазымында, тағайындалғанға дейін облыс әкімінің кеңесшісі лауазымында жұмыс жасаған.

    Әбдісаттаров Ердос Ғаниұлы
    Орынбасары

    Әбдісаттаров Ердос Ғаниұлы

    Атырау қаласы әкімінің орынбасары

    Ердос Әбдісаттаров 1994 жылы дүниеге келген. 2015 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2024 жылы «Болашақ» университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

    Кадралиев Айбек Сарсенбайұлы
    Аппарат басшысы

    Кадралиев Айбек Сарсенбайұлы

    Аппарат басшысы

    Қадралиев Айбек Сарсенбайұлы 1980 жылы Атырау облысында туған. 2005 жылы - Каспий қоғамдық университетін аяқтап, «заңгер» мамандығын, 2015 жылы - Батыс-Қазақстан инженерлік- гуманитарлық университетін аяқтап, «Жерге орналастыру» мамандығын алған.

    Әкімінің аппараты

    2
    Доскалиев Жан Нукатджанұлы
    Бөлім басшысы

    Доскалиев Жан Нукатджанұлы

    Атырау қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы

    Доскалиев Жан Нукатджанович 1991 жылы 7 қыркүйекте Атырау қаласында дүниеге келген. 2013 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Рахимов Кенжеболат Шадиярович
    Бөлім басшысы

    Рахимов Кенжеболат Шадиярович

    Атырау қаласы әкімінің аппараты жұмылдыру даярлығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс жөніндегі бөлімінің басшысы

    Рахимов Кенжеболат Шадиярұлы 1991 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы Жасқайрат ауылында дүниеге келген. 2011 жылы Атырау аграрлық-техникалық колледжін, 2014 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін, 2025 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетін тәмамдаған. Мамандығы – экология және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, экология, юриспруденция.

    Бөлім

    15
    Камзаев Жаслан Нухиденович
    Бөлім басшысы

    Камзаев Жаслан Нухиденович

    Бөлім басшысы

    Камзаев Жаслан Нухиденович 1982 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. 2003 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін тәмамдап, бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі мамандығын алған. 2011 жылы Атырау мұнай және газ институтын радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығы бойынша бакалавр дәрежесімен бітірген. 2025 жылы Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде құқықтану мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алған.

    Сарманов Нұрболат Әлібекұлы
    Бөлім басшысы

    Сарманов Нұрболат Әлібекұлы

    Қалалық қаржы бөлімінің басшысы

    Сарманов Нұрболат 1982 жылы Атырау облысында туған. 2001 жылы Батыс Қазақстан экономика және қаржы институтының колледжін аяқтап, «Қаржы» мамандығын, 2005 жылы Мемлекеттік Атырау мұнай және газ институтын аяқтап, «Экономика» мамандығын, 2016 жылы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын аяқтап, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтарын алған.

    Муханбеткалиева Айгуль Кубашевна
    Бөлім басшысы

    Муханбеткалиева Айгуль Кубашевна

    Қала әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы

    Муханбеткалиева Айгуль Кубашевна 1970 жылы Гурьев облысы, Индербор кентінде дүниеге келген. 1993 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Ашық тау-кен жұмыстары» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Джаншаева Нұржамал Мағзомқызы
    Бөлім басшысы

    Джаншаева Нұржамал Мағзомқызы

    Қала әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы

    Джаншаева Нұржамал Мағзомқызы 1967 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. 1989 жылы Гурьев педагогика институтын орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша, 2004 жылы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Тілеуғалиева Ақмарал Өтепбергенқызы
    Бөлім басшысы

    Тілеуғалиева Ақмарал Өтепбергенқызы

    Атырау қаласы әкімі аппаратының есеп және есеп жүргізу бөлімінің басшысы

    Тілеуғалиева Ақмарал Өтепбергенқызы 1967 жылы Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы Нұржау ауылдық округінде дүниеге келген. 1986 жылы облыстық бухгалтерлік мектебін, 2021 жылы Атырау инженерлік-гуманитарлық институтын тәмамдаған. Мамандығы – бухгалтер, экономика.

    Наубекова Айнұр Каренқызы
    Бөлім басшысы

    Наубекова Айнұр Каренқызы

    Қала әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі

    Наубекова Айнұр Каренқызы 1965 жылы Атырау облысы Махамбет ауданындағы Махамбет ауылында дүниеге келген. 1995 жылы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Жұмағалиев Жұмабек Оспанұлы
    Бөлім басшысы

    Жұмағалиев Жұмабек Оспанұлы

    Атырау қалалық жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы бөлімінің басшысы

    Жұмабек Оспанұлы Жұмағалиев 1982 жылы туған. 2007 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін аяқтап «кеден ісі маманы» мамандығын, 2010 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін аяқтап «қаржы» мамандығын, 2020 жылы Ресей Федерациясы Бүкілресейлік мемлекеттік әділет университетін аяқтап «заң ғылымдарының магистрі» мамандығын алған. 2003 жылдан мемлекеттік қызметте еңбек етуде. Жұмабек Оспанұлы тағайындалғанға дейін қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарған.

    Ондасынов Арнат Ондасынұлы
    Бөлім басшысы

    Ондасынов Арнат Ондасынұлы

    Атырау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы

    Арнат Ондасынов Маңғыстау облысында туған. 2020 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, 2024 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін бітіріп, «Құрылыс», «Экономика мен басқарудағы бизнес-аналитика» мамандықтарын алған.

    Хайноллаев Ержан Нұғманұлы
    Бөлім басшысы

    Хайноллаев Ержан Нұғманұлы

    Атырау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

    Ержан Нұғманұлы Хайноллаев 1992 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. 2016 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдап, техника және технологиялар саласы бойынша бакалавр дәрежесін алған.

    Зинуллин Мереке Мухсиевич
    Бөлім басшысы

    Зинуллин Мереке Мухсиевич

    Атырау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы

    Мереке Зинуллин Атырау қаласында туған. 2008 жылы Атырау мұнай және газ институтын аяқтап, «есеп және аудит» мамандығын, 2013 жылы Батыс Қазақстан инженерлік гуманитарлық университетінде «заңгер» мамандығын алған.

    Ахмедьяров Нұрбек Қырғиұлы
    Бөлім басшысы

    Ахмедьяров Нұрбек Қырғиұлы

    Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы

    Н.Қ.Ахмедьяров 1975 жылы Атырау облысында туған. 1996 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін, 2003 жылы Қазақстандық экономика және құқық институтын бітіріп, музыка пәнінің мұғалімі және қаржыгер мамандығын алған. Тағайындалғанға дейін Атырау қалалық денешынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы, басшысының міндетін атқарушы болып жұмыс жасаған.

    Досқалиева Рулана Саматқызы
    Бөлім басшысы

    Досқалиева Рулана Саматқызы

    Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы

    Досқалиева Рулана Саматқызы 1980 жылы Атырау облысында дүниеге келді. Атырау мұнай және газ институтын аяқтаған, мамандығы бойынша инженер – экономист.

    Қуанышкереев Асан Қуанышкерейұлы
    Бөлім басшысы

    Қуанышкереев Асан Қуанышкерейұлы

    Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

    Қуанышкереев Асан Қуанышкерейұлы 1994 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. 2015 жылы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетін тәмамдап, информатика мамандығын алған. 2017 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітіріп, аудармашы мамандығын меңгерген. 2026 жылы Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін аяқтап, экономика және бизнес мамандығы бойынша білім алған

    Өтеғалиев Нұрбол Нұғманұлы
    Бөлім басшысы

    Өтеғалиев Нұрбол Нұғманұлы

    Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы

    Өтеғалиев Нұрбол 1992 жылы Атырау қаласында туған. 2015 жылы Т.Рысқұлов атындағы "Жаңа экономикалық университетін» аяқтап, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын, 2018 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінен «Экономика және бизнес магистрі» мамандығын алған. Еңбек жолын 2016 жылдан Еркінқала ауылдық округі аппаратында мемлекеттік қызметте бас маман ретінде бастаған. Тағайындалғанға дейін Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі лауазымында жұмыс жасаған.

    Сарманов Нурболат Алибекович
    Бөлім басшысы

    Сарманов Нурболат Алибекович

    Қалалық қаржы бөлімінің басшысы

    Сарманов Нұрболат 1982 жылы Атырау облысында туған. 2001 жылы Батыс Қазақстан экономика және қаржы институтының колледжін аяқтап, «Қаржы» мамандығын, 2005 жылы Мемлекеттік Атырау мұнай және газ институтын аяқтап, «Экономика» мамандығын, 2016 жылы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын аяқтап, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтарын алған.

    Басқа қызметкерлер

    9
    Кариев Мәлік Сағидоллаұлы
    Әкім

    Кариев Мәлік Сағидоллаұлы

    Еркінқала ауылдық округінің әкімі

    Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 4 маусымдағы №10 қаулысына сәйкес, 2025 жылғы 13 шілдеде Атырау қаласына қарасты Еркінқала және Қайыршақты ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өткізілді. Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының шешімі негізінде, қала әкімінің өкімімен Кариев Мәлік Сағидоллаұлы Еркінқала ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды. Кариев Мәлік 1979 жылы Атырау қаласында туған. 2001 жыл - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітіріп, құқықтану мамандығын алған.

    Кейкин Шәкір Кейкінұлы
    Әкім

    Кейкин Шәкір Кейкінұлы

    Атырау қаласының әкімі

    Шәкір Кейкін 1970 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ политехникалық институтын «тау-кен инженері» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

    Өмірбаева Назгүл Кобландықызы
    Қызметінің басшысы

    Өмірбаева Назгүл Кобландықызы

    Қала әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы

    Өмірбаева Назгүл Кобландықызы 1989 жылы Атырау облысы Жылыой ауданындағы Құлсары қаласында дүниеге келген. 2011 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2013 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін тәмамдаған. Мамандығы – халықаралық қатынастар, қаржы.

    Аубакиров Темірлан Байжанұлы
    Әкім

    Аубакиров Темірлан Байжанұлы

    Атырау қаласы Дамбы ауылдық округінің әкімі

    Аубакиров Темірлан 1984 жылы Атырау облысында туған. 2006 жылы С.Бәишев атындағы Ақтөбе университетін бітіріп, экономист –менеджер мамандығын алған.

    Жолдиев Рафхат Лесұлы
    Әкім

    Жолдиев Рафхат Лесұлы

    Атырау қаласы Қайыршақты ауылдық округінің әкімі

    Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 4 маусымдағы №10 қаулысына сәйкес, 2025 жылғы 13 шілдеде Атырау қаласына қарасты Еркінқала және Қайыршақты ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өткізілді. Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының шешімі негізінде, қала әкімінің өкімімен Жолдиев Рафхат Лесұлы Қайыршақты ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды. Жолдиев Рафхат 1984 жылы Атырау облысында туған. 2006 жылы - Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетін бітіріп, «Ұйым менеджменті» мамандығын алған

    Оспанов Эдуард Айжарықұлы
    Әкім

    Оспанов Эдуард Айжарықұлы

    Кеңөзек ауылдық округінің әкімі

    Оспанов Эдуард Айжарықұлы 1982 жылы Атырау облысында дүниеге келген. 2005 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін тәмамдап, тарих және география мамандығын меңгерді. Кейін білімін жалғастырып, 2013 жылы Атырау инженерлік-гуманитарлық институтын құрылыс бакалавры мамандығы бойынша бітірді. 2020 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінен құқық бакалавры дәрежесін алды.

    Аухадиева Гүлшат Тулегеновна
    Әкім

    Аухадиева Гүлшат Тулегеновна

    Алмалы ауылдық округінің әкімі

    1967 жылы туылған, ұлты – қазақ, білімі жоғары. 1985-1990 жылы Гурьев атындағы педагогикалық институтын бітірген. Мамандығы – биология және химия пәнінің мұғалімі

    Қалижан Еркеназ Еркінқызы
    Баспасөз хатшысы

    Қалижан Еркеназ Еркінқызы

    Қала әкімінің баспасөз хатшысы

    Қалижан Еркеназ Еркінқызы Атырау облысында дүниеге келген. 2016-2020 жылдары Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқып, “Филология: қазақ тілі” мамандығын игерді.