
Сарманов Нурболат Алибекович
Қалалық қаржы бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Сарманов Нұрболат 1982 жылы Атырау облысында туған. 2001 жылы Батыс Қазақстан экономика және қаржы институтының колледжін аяқтап, «Қаржы» мамандығын, 2005 жылы Мемлекеттік Атырау мұнай және газ институтын аяқтап, «Экономика» мамандығын, 2016 жылы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын аяқтап, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтарын алған.
Еңбек жолын мемлекеттік қызметте 2001 жылы Қызылқоға ауданының маслихат аппаратында есепші болып бастаған. 2001-2002 жылдары Қызылқоға аудандық денсаулық бөлімінде экономист, 2002-2007 жылдары Қызылқоға ауданы бойынша Салық комитетінде бас маман; 2007-2011 жылдары Атырау қаласы бойынша Салық басқармасында бас маман, заңды тұлғалардың аудит бөлімі бастығының міндетін атқарушы; 2011-2012 жылдары Атырау облысының Тексеру комиссиясында бас маман; 2014-2018 жылдары Қызылқоға ауданы бойынша Салық басқармасының басшы; 2018-2021 жылдары Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларында басшы; 2021-2022 жылдары Мақат ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы; 2022-2023 жылдары Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында басқарма басшысы, Атырау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған.
Тағайындалғанға дейін 2023 жылдан бастап Жылыой ауданы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет жасаған.




